Сенбі, 23 Қараша 2024
Коронавирус 3340 0 пікір 18 Маусым, 2020 сағат 13:23

Демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімездегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 20-21 маусым күндері, яғни демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізеді.

Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай шешімге келді:

1) Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша;

- ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылсын;

- қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне тек ашық алаңда әлеуметтік қашықты сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі;

- қоғамдық көліктің қызметіне шектеу қою;

- қоғамдық орындардың жұмысын тоқтату: саябақтар, жағайжайлар, аквапарктер.

- фитнес-орталықтардың қызметін тоқтату;

- 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қою.

2) Халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде:

- қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтата тұру;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.

3) өңірлердің бас санитардәрігерлерінің қаулыларына сәйкес Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабу, ал көрсетілген аймақтардағы адамдарға әлеуметтік қашықты сақтау.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзімде мәселені шешуді тапсырды:

- медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халық арасында ПТР-тестілеуді қамтуды кеңейту;

- ауруханалардағы жұқпалы және провизорлық орындардың санын арттыру;

- жедел медициналық жәрдем станцияларымен шұғыл және шұғыл шақыруларға уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

- үйде отырған пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, ұтқыр бригадалар) жүзеге асыру;

- халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510