Хаттама 2019 жылы 28 наурызда Ресей президенті Владимир Путиннің Бішкекке сапары кезінде жасалған. 2020 жылы 11 маусымда Жогорку Кенеш құжатты үш оқылымда мақұлдады.
Құжатқа сәйкес, Ресейге қарайтын әскери база аумағы 58,32 гектарға артты. Соның нәтижесінде базаны жалға алып отырған Ресей жағы 291 мың 600 доллар қосып төлейді. Қазір Ресей бұл база үшін жыл сайын 4 млн 502 мың 495 доллар төлеп отыр.
Ресейдің Қырғызстандағы әскери базасына төрт нысан кіреді:
"Кант" әуе базасы; Қаракөлдегі сынақ базасы; Чалдовар қыстағындағы байланыс торабы; Майлуу-Суу қаласындағы сейсмикалық пункт.
Abai.kz