Жұма, 29 Наурыз 2024
4142 6 пікір 27 Маусым, 2020 сағат 14:58

Нұр-Сұлтан көшелерін су басты

Елордада жаңбыр құйып тұр. Соның салдарынан қала көшелерін су басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде қала көшелерінің әр жерінен түсірілген видеолар көптеп таралып жатыр. Көліктің ішінен сондай видеоның бірі Иманов көшесі бойында түсірілген. Видеодан су деңгейі жеңіл көліктің бел ортасына дейін жетіп тұрғанын және бірнеше машинаның жол ортасында тұрып қалғанын байқауға болады. Су басқан көшелердің суреттері де әлеуметтік желіде жетерлік.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, бүгін таңертең және күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауатындығын хабарлаған болатын. Жаңбыр ертеңге де ұласады. Тіпті бүгін бұршақ түсуі де ықтиал. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Бүгін күндізгі ауа температурасы 10-12 градус жылы.

;feature=emb_title

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551