Сейсенбі, 7 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
Дидар-ғайып 2723 22 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 11:31

Қуандық Шамахайұлына қастандық жасалды ма?

«Жазушы-журналист, ғалым Қуандық Шамахайұлы дүние салыпты» деген суық хабар тарап жатыр. Суық хабардан бұрын, түнгі сағат екі-үштер шамасында Қуандық Шамахайұлы ФБ-дағы парақшасында:

«Астанадағы Бірінші клиникадағы КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер «ковид тексеріс жасаймыз» десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім сағат 02:00-де дəрігер мен медик жігіт келіп, бір қағазға қол қойдырды да, кетті. Сəлден кейін меджгіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да, су ішкізді. Менен басқасына бермеген. «Бұл не зат?» десем, «вирустан сақтайды» дейді. Қастандық шығар деп күмəнданамын. 3 литр су іштім. Неге  маған арнаған? Əреккеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді», деп жазған.

Жазба осындай сөздермен аяқталады. Артынша Қуандық Шамахайұылының зайыбы, журналист Айша Тұрмағамбетова фейсбукте «Өлтіріпті» деп хабарлады.

Бұл сонда қалай болғаны? Журналист-жазушыға қастандық қылатындай ол кімге не істеп қойып еді? Ақ дәрі өзгелерге емес, неге тек Қуандыққа ғана берілген? Ол қандай құжатқа қол қойды, құжатта не жазылған? Белгісіз. Әлеуметтік желідегі белсенді топ «құпия өлімнің себеп-салдарын ашу керек, тергеу жүргізілуі керек» деп жатыр.

Жазушының жары әлемжеліге адвокат керек екендігін хабарлап, телефон нөмірін қалдырды:  8707 851 9113


Адвокат: Неге 6 күннен бері анализ алмаған?

Ал осыдан 2 сағат бұрын белгілі адвокат Ләззат Кендебайқызы:

«Қуандық аға қайтыс болған 1 қалалық ауруханадамыз. Ішке кіргізбейді. Дәрігерімен телефон арқылы сөйлестік. «Ковидке тапсырылған анализ дайын болмай, мүрдені бере алмаймыз», дейді. Сараптама жасату керек, мүрдені беріңіз», деп сұрадық. «Егер короновирустан қайтқан болса, басқаша жерлейміз, ал «отрицательный» результат шықса, сараптама жасатуға болады, ал анализ дайын болмай, беруге қақымыз жоқ», деген жауап естідік.

Түскен кездегі диагнозын сұрадым. Түскеніне 6 күн болыпты. Содан бері неге анализ алмаған? «Двусторонняя пневмония, тяжелая степень. Дыхательная недостаточность 3-ей степени», деді. Түсіріп, ватсаптан жіберуді сұрап едік, уақыты жоқтығын айтты. Анализ нәтижесін күткеннен басқа амал жоқ», - деп жазды фейсбукте.

Адвокат: Түнде берген дәрі - «Алувия» екен...

«Қуандық ағамен де, Айша әпкемен туыстай боп араласып, үйінен дәм татып жүріп, мынадай жағдайда қарақан басымды ойлап, үйден шықпай отыруды жөн деп таппадым. Қасында болдым, ауруханаға бірге бардық. Түсінбейтін нәрселер көп.

Анау қолхат - не қолхат?  Бүкіл «история болезни», диагноз, бәрін анықтаймыз. Бүге-шігесіне дейін текесеріп, іс қозғату жөнінде министрге, Бас прокуратураға ресми хаттар жазып жатырмын. Бағана: «Бірде-бір затын, (тіпті ұялы телефонын да) қолға бере алмаймыз», деді. Анализ нәтижесі шығу керек екен.

Неге кеш алынды, неге түн ортасында бір қағазға қол қойдырды? Көкейде сұрақ көп. Шыдамдылықпен түбіне жетеміз деп сенем. Тек хайп қуған кейбір әріптестер жұмысқа кедергі келтірмесе болды. Хаттарды жіберіп болған соң, ауруханаға тағы барып қайтамыз. Бәрін осында жазып отырамын», - деді Ләззат Кендебайқызы.

Ол сондай-ақ, марқұм Қуандық Шамахайұлы өзінің соңғы жазбасында айтқан «белгісіз дәрі» туралы да жазыпты.

«Айтпақшы, берген дәрілері - «Алувия» деген дәрі екен. «Бәріне беріп жатырмыз» деді. Тәуелсіз дәрігерлерден берген емі жөнінде де қорытынды аламыз. Тек сәл уақыт керек. Сабыр!», - деді адвокат.

Abai.kz

22 пікір