Сенбі, 23 Қараша 2024
3548 1 пікір 2 Шілде, 2020 сағат 14:24

Жүздеген тәжікстандық қазақ-өзбек шекарасынан өте алмай тұр

Тәжістанның жүздеген азаматы Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Жібек Жолы" бақылау-өткізу бекетінде тұр. Шекара коронавирус пандемиясына байланысты жабық болғандықтан мигранттар үйіне қайта алмай жүр.

Тәжікстанның Қазақстандағы елшілігі шекарада бір топ тәжікстандық тұрғанын растады.

Елшіліктің хабарлауынша, автовокзалда бірнеше апта болған жүз шақты адам 1 шілдеде елге қайтты.

"Біз мұнда жеті автобуспен түнде келдік. "Жібек Жолында" үш жүзге тарта отандас бар екен. Бізді Тәжікстан шекарасына дейін жеткізеді деді. Бірақ осында әкеліп тастап кетті. Енді не істеу керектігін білмейміз", - шекарада тұрған тәжікстандық Ильхом Бобиев.

19 маусымда Халықаралық миграция жөніндегі ұйым Тәжікстанның 635 азаматын 14 автобуспен үйге жеткізді. Мигранттардың елге қайтуына Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан үкіметтері көмектесті.

Тәжік дипломаттарының хабарлауынша, қазақ-өзбек шекарасында қалған тәжікстандықтарды екі-үш күнде үйге жеткізеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352