Сейсенбі, 13 Қазан 2026
4509 1 пікір 2 Шілде, 2020 сағат 14:34

Түркия Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Түркияның «KayaTurk Group» компаниясы Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді. 

Анкарадан жөнелтілген жүктің салмағы 1,5 тоннаға жуық. Онда 100 мың дана бір реттік маска, 2000 дана қорғаныс киімдері, 2000 дана бетперде, 2000 дана көзілдірік пен 2000 дана медициналық бахила бар.

Аталған өнімдер Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген қызметкерлерге беріледі.

Айта кетейік, Түркия Қазақстанға бұған дейін де бірнеше рет гуманитарлық көмекпен қоса қауіпті індетке қарсы арнайы препараттар жөнелткен болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 966
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1306