Жұма, 29 Наурыз 2024
3390 3 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 17:48

Тоғжанов: Өтінемін, шыдай тұрыңыздар...

Қазақстанда 5 шілдеден бастап екі апталық карантин режимі енгізілді. Осыған орай, бірнеше нысанның қызметіне шектеулер қойылған болатын. 

Олардың қатарында: сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) бар.

Мұндай шектеулер азаматтардың жұмыссыз қалуына себеп болуда. Ал, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мұндай шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрап, одан шығудың үш жолын атапты.

«Біріншіден, бізде бірнеше форма бар. Барлығын бірден жабу қажет емес. Қашықтан жұмыс істеуге арналған схема бар. Ешкім тыйым салмайды. Жұмыс берушілер қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу форматында көшіре алады.

Екіншіден, заңға сәйкес жұмыс берушілер осы кезеңде қосымша көмек көрсете алады.

Үшіншіден, жұмыспен қамту орталықтары бар. Жұмыссыз қалған адамдар сол жерлерге жүгіне алады. Біз бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Мерзімі - екі апта. Өтінемін, шыдай тұрыңыздар», - депті вице-премьер Тоғжанов.

Айта кетейік, бұған дейін карантин мерзімінде жұмыссыз қалған азаматтарға қосымша әлеуметтік төлем беру мәселесі де көтерілген болатын. Тоғжанов әзірге әлеуметтік төлем жасауға заңнамалық негіз жоқ екенін айтқан.

«Бұл - төтенше жағдаймен тікелей байланысты. Ары қарай төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін, оған ешқандай заңнамалық негіздеме жоқ. Сондықтан азаматтар мүмкіндігінше қызмет орындарында жұмыстарын жалғастыруы тиіс», - деген еді Тоғжанов.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606