Коронавируспен күресу үшін Ресейден дәрігерлер келді
Ресейлік дәрігерлер COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күресу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді. Бұл туралы strategy2050.kz сайты хабарлады.
Қазақстан мен Ресей басшылығы арасындағы келісімдерді жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласына РФ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев бастаған 32 жетекші маман келеді, бұл дәрігерлер бұрын зерттелмеген жаңа инфекциямен қарсы күрес шараларына тікелей қатысқан.
"Қазақстандық және ресейлік дәрігерлер өзара тәжірибе, білім алмасуды дәстүрге айналдырған. Қазір бүкіл әлемде ғалымдар мен дәрігерлер коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа тактикалары мен әдістерін зерттеп, белсенді түрде тәжірибе алмасуда. Медициналық қоғамдастықтың ынтымақтастығы мен екі елдің жоғары басшылығы арасындағы келісімнің арқасында ресейлік және қазақстандық дәрігерлердің тәжірибе алмасуға мүмкіндігі бар. Біз әріптестерімізді Қазақстанда қуана қарсы аламыз",- деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Мұрат Шоранов.
Мәскеулік дәрігерлер делегациясы медициналық ұйымдарға практикалық қолдау көрсетеді.
Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог, пульмонологтар бар.
Ресей мамандарынан құралған бригада Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдарды аралайды:
1) Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді медициналық орталық (инфекциялық блок);
2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көпбейінді қалалық жұқпалы аурулар орталығы;
3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы;
4) "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №1 көпсалалы қалалық ауруханасы (акушерлік блок).
Сондай-ақ, ресейлік әріптестерді аса мұқтаж өңірлерге жіберу жоспарда бар, - делінген ведомствоның баспасөз мәлімдемесінде.
Abai.kz