Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3413 0 пікір 24 Қараша, 2011 сағат 05:29

Құрманғали Даркенов. Қазақстандағы тұрақтылықтың негізі – толеранттық

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси - экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму жолындағы қажетті басты компоненттердің бірі - республикада ұлтаралық қатынастарда азаматтық келісімнің, тұрақтылықтың сақталуы. 1999 жылы республика тұрғындарына жүргізілген санақ мәліметі бойынша Қазақстанда 130 ұлт өкілдері тұрды[1]. Соңғы 2009 жылғы санақ мәліметтері де қазіргі уақытта еліміздің көп ұлтты екендігін көрсетті. Қазақстанның полиэтникалық, яғни көп ұлтты және саналуан діни конфессиялар мен көппартиялық жағдайында ұлтаралық татулықты сақтау мен нығайту басты мәселенің бірі екендігі айқын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында осы маңызды мәселе - үнемі басты орында. Президент: «Қазақстанда саналуандық және көппартиялық орныққан: кез келген қазақстандық кез келген қоғамдық және саяси бірлестікке еркін кіре алады. ...Қазақстан діни сенім-наным бостандығын қамтамасыз етіп, конфессиялар аралық келісім мен діни теңқұқылық саясатын дәйекті жүргізіп келеді,-деп атап өтті[2]. Әрине, қазақстандықтардың демократиялық құқықтарын сақтау мен нығайту, олардың қоғамдық өмірдің барлық саласына белсенді қатысуын қамтамасыз ету, тежеу салмау, олардың әртүрлі саяси бірлестіктерге кіруін қолдау маңызды. Конфессиялар арасында келісімді сақтау мен діни тең құқықтылықты орнықтыру-бұл да қажет.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси - экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму жолындағы қажетті басты компоненттердің бірі - республикада ұлтаралық қатынастарда азаматтық келісімнің, тұрақтылықтың сақталуы. 1999 жылы республика тұрғындарына жүргізілген санақ мәліметі бойынша Қазақстанда 130 ұлт өкілдері тұрды[1]. Соңғы 2009 жылғы санақ мәліметтері де қазіргі уақытта еліміздің көп ұлтты екендігін көрсетті. Қазақстанның полиэтникалық, яғни көп ұлтты және саналуан діни конфессиялар мен көппартиялық жағдайында ұлтаралық татулықты сақтау мен нығайту басты мәселенің бірі екендігі айқын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында осы маңызды мәселе - үнемі басты орында. Президент: «Қазақстанда саналуандық және көппартиялық орныққан: кез келген қазақстандық кез келген қоғамдық және саяси бірлестікке еркін кіре алады. ...Қазақстан діни сенім-наным бостандығын қамтамасыз етіп, конфессиялар аралық келісім мен діни теңқұқылық саясатын дәйекті жүргізіп келеді,-деп атап өтті[2]. Әрине, қазақстандықтардың демократиялық құқықтарын сақтау мен нығайту, олардың қоғамдық өмірдің барлық саласына белсенді қатысуын қамтамасыз ету, тежеу салмау, олардың әртүрлі саяси бірлестіктерге кіруін қолдау маңызды. Конфессиялар арасында келісімді сақтау мен діни тең құқықтылықты орнықтыру-бұл да қажет. Бірақ, назар аударатын басты мәселе: көппартиялық жүйе халық ішінде ірткі салу құралына айналмауы қажет, әртүрлі діни конфессиялар да басқа діндерге және оны ұстаушыларға нұқсан келтіру, құқықтарын шектеу саясатын жүргізбеуі қажет. Еліміздегі саналуан ұлттық бірлестіктер ұлтаралық араздық тудырмауы қажет. Себебі, қазақстандықтар үшін әлеуметтік саладағы негізгі құндылық:- ұлтаралық таулықты сақтау, көп ұлтты Қазақстан жағдайында бірін бірі түсіну, сену мен құрметтеу және азаматтық келісімді орнықтыру. Ұлтаралық татулық сақталмайынша, азаматтық келісім болмайынша экономикалық даму, саяси тұрақтылық, халықтың әл-ауқатын көтеру мүмкін емес. Біз мұны көршілес республикалардың және басқа да саяси, діни қайшылықтар шиеленіскен Ирак, Ауғаныстан, Франция т.б. мемлекеттер жағдайынан көріп отырғанымыз құпия емес. Саяси тұрақтылық орбитасынан шығып кеткен Қырғызстандағы саяси ахуал, Украинадағы текетірес, Өзбекстандағы жарылыстар, Ресейдегі «шешен» проблемасы, Франциядағы эмигрант жастар әрекеті бұл экономикалық, әлеуметтік дамуға тұсау болатыны сөзсіз. Ұлтаралық тұрақсыздықтан, шиеленістен ешбір ұлт өкілдерінің ұтысқа шығуы мүмкін емес. Ендеше бұл нәзік мәселе саясат құралына айналмағаны дұрыс. Президенттің «діни негіздегі жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келісімді қамтамасыз ету»[3]. қажеттілігіне баса назар аударуы ел ішіндегі ахуалды терең талдаудан туған пікір екендігі сөзсіз.

Жер бетіндегі мемлекеттердің көпшілігі полиэтникалық сипатта. Планетаның 10 мемлекетінің ғана 90 % тұрғындары бір этностан, яғни бір ұлттан тұрады. Бұдан шығатын қортынды, дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі көп ұлтты. Сонымен қатар, әлемдегі 1500 дей тілдің, 22-сімен адамзаттың 75%-і сөйлейді, оның ішінде 7 тілмен адамзаттың 50% сөйлейді»[4]. Сондықтан көп тілді білу, түсіну жаҺандану жағдайындағы қажеттілік. Қазақтардың көп тілді білетіндігі мен түсіне алатындығы олардың қарым қатынаста коммуникативтілігін көрсетеді. Сонымен қатар, президент қазақ тілінің саяси тұрғыда барлық ұлттарды жақындастыру, біріктірушілік функциясына ерекше мән берді. 2005 жылғы Жолдауында ел президенті «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі - еліміздің мемлекеттік тілін одан әрі дамытуға бар күш жігерімізді жұмсауымыз керек»,[5]- деп, қазақ тілін одан әрі дамыту, қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізу қажеттілігіне назар аударса, биылғы Жолдауда «Біздің міндетіміз - 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз. Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз» [6] деп нақты міндетті көрсетті..

Қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілді білу мен үйрену, қолдану аясын кеңейту басқа ұлт тілдерін құрметтеу қажеттілік нормасына айналады деп ойлаймыз.

Қазақстан әлемдегі полиэтникалық мемлекеттердің бірі. 1999 жылғы санақ бойынша елімізде жүзден астам этникалық бірлестік болса, олардың ішінде қазақтар барлық халықтың 53,5% ін, орыстар 29,9% ін, басқа ұлт өкілдері 16,6% ін құрады[7].

 

Төмендегі таблицада саны 170 мыңнан асатын барлық ұлт өкілдері

1989, 1999, 2009 және 2010 жылмен көрсетілген.

 

Қазақстан халқының саны

Проценттік үлесі

1989 жыл

1999 жыл

2009 жыл

2010 жыл

1989 ж

1999 ж

2009 ж

2010 ж

ҚР барлық халық саны

16.199.154

14.981.900

16.004.800

16.196.800

100,0

100,0

100,0

100,0

Қазақтар

6.498.858

8.011.500

10.098.600

10.301.165

40.1

53.5

63.1

63.6

Орыстар

6.062.019

4.481.100

3.797.000

3.773.854

37.4

29.9

23.7

23.3

Өзбектер

331.042

370.800

457.200

469.707

2.0

2.5

2.8

2.9

Украиндар

875,691

547.100

333.200

323.936

5.4

3.6

2.1

2.0

Ұйғырлар

181,526

210.410

223.100

226.755

1.1

1.4

1.4

1.4

Татарлар

320.747

249.100

203.300

194.362

2.0

1.7

1.3

1.2

Немістер

946.855

353.100

178.200

178.164

5.8

2.4

1.1

1.1

Басқа этностар

982.416

758.400

714.200

728.857

6.2

5.0

4.5

4.5

 

Санақ өткен кезеңдермен салыстырғанда Қазақстан тұрғындарының өсу тенденденциясын көрсетті. Бұл европалық этностардың миграциясының бәсеңдеуімен, қазақтар санының жоғары өсу қарқынымен байланысты еді. Қазақтар 1989-1999 жылдары +22,9%  өссе, 1999-2009 +26,2% өсті, ал орыстар саны  1999-2009 -15,3% ға кеміді, немістер - 49,6% азайды. Санақтың қорытындысы бойынша сан жағынан ең көп ұлттар қазақтар (10,1 млн) мен орыстар (3,8 млн).

2009 жылы 1999 жылғы санақтың мәліметі салыстырғанда қазақтар - 63.1% (1999-53.5%), орыстар-23.7%  (1999-29.9%) өзбектер - 2.8% (1999-2.5%), украиндар - 2.1% (1999-3.6%) болды.

Екі мыңыншы жылдың алғашқы он жылдығында қазақтардың саны жылдам өсті. Егер Кеңес Одағының ыдырауы қарсаңында Қазақстанда 6,5 млн қазақ болса, 90-шы жылдардың соңында 8 млнға., 2009 жылы 10,1 млнға., 2010 жылы қазақтардың саны 10,3 млнға жетті. Мұндай өсім қазақтар арасында туудың жоғары болуымен және өлімнің төмен болуымен байланысты. Қазақстандық статистиканың 2009 жылғы мәліметі бойынша қазақтар арасында 1000 адамға шаққанда туу - 28 адам болса, өлім -7 адам болып, ал, табиғи өсім - 21 адам болды.

Қазақстанда европалық тұрғындар саны жылдам қарқынмен азаю үстінде. Орыстардың саны 1999-2009 жылдар аралығында 700 мың адамға азайса, 1989 жылмен салыстырғанда 2,3 млн адамға азайды. 2010 жылы 3,7 млн адам есепке алынды, бұл одақтың ыдырау қарасаңындағы санақ мәліметімен салыстырғанда бір жарым есеге кем. Сондай ақ украиндар мен немістер де күрт кеміді.

Қазақтардың үлестік салмағының өсуі сонымен мынадай себептерге байланысты:

v  Ауылды жерлерде тұратын қазақтар арасында туу көрсеткішінің жоғары болуы.

v  Арнайы бағдарлама бойынша жыл сайын елге 100 мың қазақ келуде. Ал, Қазақстаннан тысқары елдерде қазіргі уақытта 5 млн нан астам қазақ тұрады. 2010 жылдан бастап Қазақстан үкіметі жыл сайын елге 100 мың қазақ әкеліп орналастыруды жоспарлауда. Репатрианттарға арналған бағдарлама негізінде алдағы 30 жыл ішінде кемінде 3 млн. қазақ келуге тиіс деп жоспарлануда.

Бұл процесс негізінде зерттеушілер алдағы жақын он жылдықтарда қазақтардың елдегі үлестік салмағы 70-80% жетеді деп жоспарлауда.

Біздің елімізде ұлтаралық қатынастар мәселесі, ұлт мәселесін шеше алмаған және ыдырауына себеп болған Кеңес Одағынан қалды. Президент өзгерген жағдайға сәйкес жаңа мемлекет құра отырып, қоғамда жаңа қатынастар жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру бағыты қажеттілігін күн тәртібіне қойды. Қазақстандық ғалымдар әлемдік ұлт мәселесіне қатысты тәжірибені зерттеп, өзіне тән ұлттық, діни ерекшеліктері бар Қазақстан жағдайында мәселені шешу жолдарын іздеді. Кеңес Одағында «бір қазанда қайнату тәжірибесі» арқылы жаңа қауым «кеңес халқын» қалыптастыру деп аталатын ескі тұжырымдама Қазақстан үшін тиімсіз еді. Бұл ұлтаралық қайшылықты шиеленістіруі мүмкін еді. Осындай жағдайда Қазақстан басшылығы басқа елдер тәжірибесін есепке ала отырып, тыңнан жол іздеді. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы осындай ізденістен туды. 2003 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан халықтары Ассамблеясының 10 сессиясындағы баяндамасында, Н.Ә.Назарбаев « Біз, еліміздің басты жетістігі - ұлтаралық қатынас келісімі, біздің ортақ үйіміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауы болып саналады деп айтқанымызда, бұл тек жай ғана ақиқат емес. Бұл тұрақсыз дүниедегі елеулі табысымыз. Мұнда Қазақстан халықтары Ассамблеясының ролі мен еңбегі өте жоғары»,- деп бағалады. Ұлтаралық қатынастарды жетілдіру, үйлесімділікті қалыптастыру Қазақстанның жетістігі ғана емес, басқа көршілес елдер үшін де жаңа даму үлгісі ретінде қабылданып, бағаланды.

Қазақстандағы мемлекеттік емес славян ұйымдары: Республикалық «Лад» славян қозғалысы, «Дала өлкесі казактары Одағы», «Қазақстандағы Орыс қауымдастығы», «Жетісу казактары Одағы», немістердің «Видергебурт» қоғамы, Қазақстан кәрістерінің Ассоциациясы», Шешен-ингуштардың ұлттық-мәдени орталығы «Вайнах», еврейлердің «Алеф», азербайджандардың «Хазар», украиндардың «Ватра», татар-бащқұрттардың «Тан»,армяндардың «Ван», белорустардың «Белорус», тәжіктердің «Парвиз», Поляктардың «Поляк», дүнгендердің «Дүнген орталығы» және ұйғырлардың ұлттық-мәдени орталығы ұлттар арасында татулық пен сенімді нығайтуда қыруар жұмыс атқарғаны сөзсіз. Бұл аталған ұйымдар мен ұлттық мәдение орталықтар ұлтаралық қатынастарды нығайтудағы, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтаудағы еңбегін жоғары бағалап президент сайлауында Н.Назарбаевтың қайта сайлануын белсенді қолдады[9].

Қазақстанда тұратын ұлттар Қазақстанды өз Отаным деп есептейді. Мына мәліметке назар аударалық.

 

Қазақстанды сіз өз Отаным деп есептейсіз бе ? деген сұраққа

 

Қазақстандық

ұлттар

Қазақтар

Орыстар

Басқа ұлттар

жылдар

2001

2005

2010

2001

2005

2010

2001

2005

2010

Санаймын

98,4

98,5

99,8

80,1

92,9

97,1

75,5

96,3

98,7

Санамаймын

1,9

1,1

0,05

8,6

6,9

2,7

13,9

2,7

1,1

Жауап беруге қиналамын

0,5

0,4

0,15

11,3

0,2

0,2

10,6

1,0

0,2

 

Бұл мәліметтен көріп отырғанымыздай Қазақстанды өз отаным деп санайтындар қатары қазақтарда ғана емес, орыс және басқа ұлттар арасында 2001 жылмен салыстырғанда елеулі түрде өскен. Келешекке деген сенім мен өткенге қанағаттанушылық нәтижесінде отаншылдық, қазақстандық патриотизм рухының қалыптасуы байқалады. Бұл Президенттің ұлтаралық қатынастар саласындағы сындарлы саясатының жемісі. Ал сындарлы саясат ұлтаралық түсінушілік пен өзара сенімге кепілдік беруде. Кезінде Н.Назарбаевтың «... егестерге, ұлтшылдық сезімнің өріс алуына, қоғамдағы бір топтың келесі бір топтарға тиісуіне жол бермеу ерекше маңызды болды»[10], деп жазуы және 90 жылдардағы экономикалық қиыншылық, дағдарыс, ұлтаралық қатынастарда шиеленістің тууы, елдің ертеңіне деген сенімсіздік нышандарының байқалуын еске алып «1990 жылдар басында біз құздан құлауға шақ тұрдық», деп ашық айта отырып дұрыс саясат ұстауы мен оны жүзеге асыруы республика халықтарының ұлтаралық қақтығыссыз, үйлесіммен дамуына жол ашқаны ақиқат. Президенттің «Көпұлтты Қазақстан халқы ауыр тарихи емтиханды сүрінбей өтті. Біздің елімізде тәуелсіз даму жылдарында ұлттық, діни сипатта бір де бір қақтығыс болған жоқ. Алдағы уақытта демократиялық мемлекетті сақтау мен нығайтуда, біздің бәріміздің басты істейтін ісіміз осы. Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамды біріктіру - осы саясаттың өзегі болмақ[11],-деуі ұлтаралық қатынастар саясатында, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауда басты бағдарлама болатыны айқын.

Қазақстан көп ұлт өкілдері шоғырланған республика болғандықтан, әрбір ұлт өкілдерінің ол үлкен, яғни сан жағынан көп не аз болғанына қарамастан өзіне тән ұлттық ерекшеліктері бар. Олардың ұлттық мәдение, тіл, әдет-ғұрып, дәстүр, шаруашылық, психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, талап тілектеріне немқұрайлық таныту, тікелей не жанамалай түрде болсын ұлттық мүдеге шек қою ұлт өкілдері арасында араздық, алауыздық туғызатыны белгілі.

Тарихқа шегініс жасасақ, өткен коммунистік басқару жүйесі кезеңінде қазақ халқының ұлттық мүдесіне қатысты мәселелер өз деңгейінде шешілмегені кімге де болса құпия емес. Осы жағдайлар қазақ ұлты өкілдері арасында ұлттық нигилизмнің, яғни өз ұлтының болашағына сенбеу, күмәнмен қарау көзқарасының тууына және ұлттық коспополитизмнің, яғни, басқа ұлт пен оны рухани құндылықтарын өз ұлты мәдениеті мен құндылықтарынан жоғары қою тенденциясының қалыптасуына әкелді. Ұлттық мүдені ескермеу мен оған нұқсан келтіру ұлтаралық қатынастағы тұрақтылыққа, өзара құрмет пен сенімге сына түсіреді. Кезінде австриялық ғалымдар Реннер мен Бауэр «...егер біз ұлт дегеніміздің не екендігіне толық жауап бергіміз келсе, оның негізгі басты компоненттерін білуіміз қажет. Ұлт дегеніміз - тілдің бірлігі, территорияның тұтастығы, экономикалық өмірдің жақындығы, әдет-ғұрып пен мәдениеттің ортақтығы негізінде құрылған адамдардың қауымдастығы» деп, «осы аталған ұлтты құрайтын негізгі компоненттердің бірі жойылса, ол белгілі бір тарихи кеңістікте ұлттың жойылуының басы», деп ерекше тоқталды.

Өткен ғасырдың басында теориялық тұрғыда негізделген бұл қағидаға Кеңес үкіметі назар аудармады, ал ғалымдар ұлт мәселесін көтеруге «ұлтшыл» деп айыпталудан қауіптеніп, бұл маңызды мәселенің өткір тұстарын айналып өтті. Осы жағдай бұрынғы Кеңес Одағында ұлттық проблемаларыдың шешілмеуінен, олардың шамадан тыс жинақталуын туғызды. Ақиқатына келсек, сан жағынан аз ұлттардың белгілі бір тарихи кеңістік пен уақытта жойылуына, жоғалуына әкелді. Ұлттық мемлекеті бар қазақ халқы да ұлттық дағдарысқа душар болды. Қазақ тілі күнделікті тұрмыстық қатынас тіліне ғана айналды, мемлекеттік қарым қатынас ресми құжаттар және ғылым тілінен біртіндеп ығыстырылып шығарылды.

1959 жылғы санақ мәліметтеріне сүйенсек, 21378 қазақ ана тілім орыс тілі деп мәлімдесе, енді 918-і басқа тілдерді ана тілім деп атаған[12, с.162-163]. Бұл қазақ тілінің қолдану аясының тарылып, қазақтардың ана тілінен бас тарту синдромының бастапқы кезеңі еді. Бұл қауіпті үрдіс тоқтамады, одан әрі өз жалғасын тапты. Мысалы, 1970 жылғы санақ мәліметі бойынша Одақта 5 298 818 қазақ болса, оның 86 789-ы ана тілім орыс тілі десе, 17033-і басқа ұлт тілдерін атады[13, с.20]. Ал, 1979 жылғы және одан кейінгі 1989 жылғы санақ мәліметтері одан да өткен ауыр еді. 1979 жылы 6 566 442 қазақтың 131 314 ана тілім орыс тілі десе, ал 34 мыңы басқа тілдерді атаған болатын[14, с.71]. Бұл екі санақ аралығында ана тіліне бас тартушылар саны 103 822 ден 175 246 адамға өсті. Арада оны жыл өткен соң 1989 жылы санақта бұл көрсеткіш ана тілінен бас тартушылар саны 300 мың адамға жуықтады. Бұл аталған жағдай басқа да ұлт өкілдеріне тән еді. Мысалы, Кеңес Одағындағы немістердің 1959 жылы 75% ана тілім неміс тілі десе, 1970 жылы бұл көрсеткіш 66,6%, 1979 жылы 57%, 1989 жылы 46% -ке кеміді. Ақиқатында ана тілінен айрылу - орыны толмайтын, қалпына келтірілуі өте қиын, жаңадан мүмкіндік пен уақытты талап ететін процесс еді. Ұлтаралық қатынастардағы басты компоненттердің бірі тіл мәселесін өрбіттік. Әрине, бұл мәселеге бүгінгі күндері көпшілік қауым азды көпті таныс. Бірақ, ұлттық және ұлтаралық қатынастардағы өткен келеңсіз құбылыстарды жетік, терең білу арқылы мұндай жағдайдың қайталанбауына назар аудару маңызды.

Көптеген деректерді зерттеуші ғалымдардың мүмкіндігінше абайлап пайдаланып, ғылыми негізде талдап қолдануы жинақталған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, тағы да Кеңес Одағы кезіндегі 1970, 1979, 1989 жылғы санақ мәліметтеріне назар аударсақ барлық республикаларда жергілікті ұлт тілін басқа ұлт өкілдерінің білу деңгейінде айырмашылық бар. Украинада украин, Өзбекстанда өзбек, Тәжікстанда тәжік, Грузияда грузин және Балтық жағалауы елдерінде басқа ұлт өкілдерінің жергілікті ұлт тілін білу деңгейі үнемі өсіп отырған. Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш керісінше, басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуі кеміп отырған. 1970 жылы - 1,3%; 1979 жылы - 1,2%; 1989 жылы - 1,1% қана. Республикамызда сан жағынан басым орыс ұлтының қазақ тілін білу деңгейі мынадай: 1971 жылы - 0,9%; 1979 жылы - 0,6%; 1989 жылы - 0,4% қана болатын. Осындай жағдайда орыс ұлтын жергіліктік қазақ халқы тілін білмейді деп кінәлауға болар ма еді. Сонда, өз ана тілінен бас тартқан 300 мыңға жуық, демограф ғалым М.Тәтімов пікірінше қазақ тілі ана тілім дегенімен оны білмейтін 40% ке жуық өз қазақтарымыз туралы не айтқан болар едік. Әрине, кеңестік жылдары қазақ тілін оқып үйренуге назар аударылмады. Басқару жүйесі Қазақстанда қазақтардың және басқа да әсіресе, аз ұлттар мүдесін шектеу арқылы «жасанды ұлттар лабораториясын» жасамақ болды.

Ұзақ жылдар бойындағы экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени жағдайларға талдау жасасақ Қазақстандағы қайсы бір ұлт болмасын тоталитарлы әміршіл жүйе құрбаны болды. 30-шы жылдары кулак ретінде жер аударылғандарды, 50-ші жылдары тың игеруге келгендерді, 30-40 жылдары өз ата мекендерінен күшпен қуылып келген шешендер мен ингуштерді, қарашай мен балкарларды, немістер мен кәрістерді, түріктерді, Қырым татарларын т.б. біз қазақ тілін білмегені үшін жанын ауырта кінәлай алар ма едік. Әрине, жоқ. Себебі, олардың өз проблемасы басынан асып жатты. Мысалы, 1944 жылдың қысында шешендерді өз ата қоныстарынан зорлықпен көшуге мәжбүр етті. Қақаған аязда Қазақстанға жүк поездымен келіп тоқтағанға шейін жолда бірнеше мың адам өлді. Көпшілігі әйелдер мен балалар еді. Мұндай жағдай Қазақстанға күштеп депортацияланған басқа ұлт өкілдері басынан да өтті. Әрине, өткен уақыт қай жағынан болмасын қазақтарға да жеңіл болған жоқ. Бірақ, біз ең бастысы өз жерімізде, ата мекенімізде жүрдік.

Қазір уақыт өзгерді. Республикада тұрақтылық пен өзара түсінушілікті сақтау, өркениетті елдер легіне ілесу басты бағыт. Қазақстанның келешегі, экономикалық өркендеуі, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы даму - ұлтаралық қатынастардағы тұрақтылық факторымен байланысты. Сондықтан да болар, ел Президенті 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «...біздің ең басты құндылығымыз - берекелі бірлігіміз», -деп атап көрсетті[6].

Қазіргі кезеңде ұлтаралық қатынастар мәселесі ТМД мемлекеттерінің қайсысында болмасын аймақтың тұрақтылығын сақтау мен қалыпты даму үрдісінде басты мәселе. 2010 жылы Қырғызстанда Оштағы қырғыздар мен өзбектер арасындағы қақтығыс, қантөгіс, Ресейдегі ұлттар арасында жағдайдың шиеленісуі бұл мәселеге қайта оралудың қажеттілігін тудырды. Ресейдің Президенті Медведев пен Премьер министр В.Путин бұл мәселені мемлекеттік деңгейде көтеріп, ұлтаралық шиеленісті, қақтығысты тудыруды ешбір жағдаймен, әлеуметтік мәселемен ақтауға болмайтындығын атап өтті. Мемлекеттің, жалпы қоғамның қалыпты дамуына нұқсан келтіретін, тұрақтылығын бұзатын ұлттар арасында қайшылықтың тууы, оның арнадан шығып ахуалды ушықтырып, қантөгіске әкелуі көп ұлтты ТМД елдерінің қайсысында болмасын жол беруге болмайтын жағдай екендігі белгілі. Сондықтан, көп ұлт өкілдері мекендеген ТМД елдерінде ұлттар арасында араздық тудыратын, тудыруы мүмкін жайлардың алдын алу, тұрақтылықты сақтау, оның жолдары мен тәсілдерін жаңа көзқарас тұрғысында зерттеу ғалымдар алдындағы өзекті мәселе. Кеңес Одағы кезіндегі идеологиялық сипатына, бір жақтылығына қарамастан едәуір зерттелген ұлттар мен ұлтаралық қарым қатынас мәселесі бүгінгі күні жан жақты қарау, әр қырынан зерттеу, шиеленісті тудырмау және оны бәсеңдету, тиімді, тұжырымды пікірлер қалыптастыру үшін ғалымдардан соны ұсыныстарды талап етуде. Әр адамға  азаматтық міндет жүктеуде. Ресейлік ғалымдар тұрақты даму тұжырымдамасын кешенді түрде зерттеуде. Тұрақты даму тұжырымдамасын адамзаттың әлеуметік-экономикалық және қоғамдық саяси өмір сүру қызметінде, қазіргі және келешек ұрпақ өкілдеріне жер бетіндегі адамзат қоғамы мен табиғаттың үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін үрдіс ретінде қарастыруда[15].

Тағдырдың жазуымен, дәлірек айтсақ, патша үкіметінің, кейін Кеңес үкіметінің саяси-экономикалық шаралары негізінде көп ұлтты республикаға айналған Қазақстанда ұлтаралық қатынаста тұрақтылықты сақтау маңызды мәселеге айналды. Ел президентінің тікелей араласуымен құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы  ұлтаралық татулықты сақтау, оны нығайту жолында жасалған игілікті қадам ғана емес, басқа мемлекеттер үшін де лайықты тәжірибе. Қазақстан басқа ТМД республикаларына қарағанда бұл нәзік мәселеге ерте көңіл бөлді, дұрыс жол таңдай алды. Ел бірлігін сақтау мен тұрақтылықты қамтамасыз ету ел дамуының басты шарты екендігін дұрыс айқындады. Қазақстанды мекендеген ұлттардың еркін дамуына мүмкіндік тудырылды. Саяси тұрақтылық экономикалық дамуға негіз болып қаланды. Келешегі кемел ел ұлтаралық қатынаста саяси-әлеуметтік тұрақтылықты тұғырға қондырып назарда ұстады. Ел басы Жолдауында «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының - БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылды» деп анық көрсетілді[6].

Қоғамда демократияның бел алуының шарттарының бірі - халық көпшілігінің ұстанымдары (діні, тілі, мәдениеті) басымдық алуы керек[16]. Солай болғанымен басқа ұлт өкілдерінің рухани құндылықтары, тарихи жады, мұрат мақсаттарының құрметтелуі ұлтаралық қатынастарды нығайтуға жол ашатыны айқын.

Д.Белл: «Постиндустриальдық қоғам концепциясының негізгі тұйіні техникалық, экономикалық даму мәселесі, мәдениет пен адамның дамуына жол ашу»[17] деген болса, Қазақстан өз жерін мекендеген барлық ұлттар өкілдерінің еркін дамуын қамтамасыз ету, өзара сенім мен толеранттылық концепциясын ұстанып отырған ел.

 

1.  //Деловой Мир. Специальный выпуск. 2005, №5. (41) с.31.

2.  Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел

жаңару жолында. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан

халқына Жолдауы. //Ақиқат. 2005, №3. 5 б.

3.  бұл да сонда, 6 б.

4.  Межнациональная стабильность в Казахстане. /Деловой Мир. 2005,  №5.

(41) с.10.

5.  ҚР Президентінің  Қазақстан халқына  Жолдауы. //Ақиқат. 2005,  №3.  9 б.

6. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

28.01.2011 ж. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз.

7.  Шауенов Е. Проблемы межнационального согласия в условиях

многосоставного казахстанского общества. //Евразийского сообщество.

2000. №4. (32), с.144.

8.  Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан.

2001.

9.  Славянские организации выбирают президента. Выбор «Вайнаха» и др.

// Деловой Мир. 2005, №5. (41) с.16-32.

10.  Назарбаев Н.Ә. Жүз жылға татитын он жыл. //Астана ақшамы, 2001,

20 желтоқсан.

11. Назарбаев Н.А. Учиться жить свободном обществе (интервью Президента

РК газетам «Егемен Қазақстан» и Казахстанская правда») //Казахстанская

правда. 21 декабря 1999 г.

12. Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 года. Казахская ССР. М., 1962. Таб.53

13. Итоги Всесоюзной переписи населения 1970 года. ІҮ том. М., 1973.

14. Численность и состав населения СССР. Всесоюзной переписи населения 1979 года.

М., 1984. с.71.

15. Барлыбаев Х.А. Путь человечества: самоуничтожение или устойчивое развитие. М.:

Изд-во Государственной Думы, 2001. Общая теория глобализации и устойчивого

развития. М.: Изд-во Государственной Думы, 2003.

16. Саясат Policy 2010, март. №3. 38 б.

17. Белл Д. Грядущее постинндустриальное общество. Опыт социального

прогнозированния. -Москва.: Academia, 1999. - 786 б.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3335
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6105