Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
4186 19 пікір 10 Шілде, 2020 сағат 14:30

Тоқаев: Жас кадрлар қажет!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа міндеттерді орындау үшін жас кадрларды іріктеу қажеттігін айтты. 

«Қазір сапалы жаңа міндеттерді орындау үшін кадрларды ірктеу барынша маңызды міндетке айналады. Жаңа бағдар білімді, табанды, бастамашыл, іскер әрі адал жаңа орындаушыларды көздейді», - деді ҚР Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы бүгінгі Үкімет отырысына қатысқандар жоғарыда аталған критерийлерге сай келу-келмеуін ойлауы қажеттігін айтты.

«Енді ойланыңыздар: Осы жерде отырған команда аталған критерийлерге сай ма? Үкімет мүшелері, әкімдер өздерінің мүмкіндіктерін парасатты түрде бағалайды деп ойлаймын. Дегенмен, бізде өзін-өзі сынау және мемлекет пайдасы үшін шешім қабылдау қиындау», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155