Сенбі, 23 Қараша 2024
3433 10 пікір 10 Шілде, 2020 сағат 14:51

«Барлық жауапкершілікті Президентке таңып қойсақ - іс насырға шабады»

Бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемелеріне қатысты саясаттанушы Расул Жұмалы пікір білдірді.

«Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында маңызды шешімдер жарияланды. Әсіресе, жауапкершілік, денсаулық сақтауға қатысты, өз жұмысын дұрыс атқармаған құзырлы мекемелердің жұмысын тоқтату туралы айтылды. Енді осының бәрі қалай іске асатыны маңызды. Президент осыдан 2-3 күн бұрын да тікелей эфирде үндеу жариялаған болатын. Бұл, қажетті нәрсе. Себебі коронавирусқа қатысты жағдай өте ауыр, елдің жағдайы мүшкіл. Күн сайын қайғылы жағдайларды естіп жатырмыз», - дейді Расул Жұмалы.

Саясаттанушының айтуынша, осындай жағдайдың себебі көп, бірақ бірден-бір себеп - ақпараттың жетіспеуі.

«Халық коронавируспен бетпе-бет жалғыз қалды. Дәл осындай қиын сәтте мемлекет қайда қалды, оның қамқорлығы қайда қалды? Осындай кезеңде өте қажетті ақпарат айтылды. Енді осы айтылған дұрыс ой, негізді пікірлер іске асса жақсы. Өкінішке қарай, аузымыз талай күйді. Мәлімдеме жасалып, орта жолда қалмаса екен. Осындай қауіпті жағдайда іс насырға шаппас үшін Президент сөзін қолдап, оның қарамағындағы барлық мемлекеттік қызметкер осы айтылған дүниелерді іске асыруы керек. Олар жаңаша жұмыс істеуге қаншалықты дайын? Бұл - үлкен мәселе. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қанша рет тікелей эфирге шығып, орын алған жағдайды өз деңгейінде қарап, бақылап отыр. Бірақ министр, үкімет, әкімдердің деңгейіне қарайтын болсақ - сол баяғы ескі сарын. Олар тікелей эфирге шықпай, халық тарапынан сын болғаннан кейін ғана Алматы, елорда әкімі мәлімдеме жасады. Барлық жауапкершілікті Президентке таңып қойып, басқа мемлекеттік органдар үндемей отыратын болса - іс насырға шабады. Сондықтан айтылған мәлімдемелердің жүзеге асуына қатысты талап қою керек», - дейді ол.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470