Сенбі, 23 Қараша 2024
3855 1 пікір 13 Шілде, 2020 сағат 10:58

Армения мен Әзербайжан шекарасында қарулы қақтығыс болды

Әзербайжан мен Армения билігі шекара аймағында оқ атты деп бір-бірін айыптады.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі "Армения қарулы күші шекарада оқ атуды тоқтату режимін бұзды, екі тарапта да адам шығыны бар" деп мәлімдеді.

Ал Армения қорғаныс министрлігі өз кезегінде біздің қарулы күшке қарсы оқ атты деп Әзербайжанды айыптады.

"Әзербайжан қарулы күші тұсініксіз себеппен УАЗ көлігімен Армения шекарасын бұзып өтіп, Тавуш облысына өтпек болды. Ескертуден кейін әзербайжан сарбаздары кері қайтты. Осыдан кейін олар армян армиясына қарай оқ атты", – делінген Армения таратқан мәлімдемеде.

1988 жылдың 12 шілдесінде Таулы-Қарабах облыстық кеңесі Әзербайжан құрамынан шығатынын мәлімдеген.

Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабахқа қатысты жанжал 1980 жылдардың соңынан басталды.

Армения мен Әзербайжан арасында 1990 жылдары даулы Таулы Қарабах аймағына қатысты қарулы жанжал шығып, 30 мың адам мерт болды. 1994 жылы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, шекарада екі ел әскерилері арасында әлсін-әлсін жанжал шығып тұрады.

"Таулы-Қарабах республикасын" БҰҰ-ға мүше бірде бір ел мойындаған емес. Армения "Таулы-Қарабах республикасы" тәуелсіз болуы тиіс деп есептейді. 1993 жылы БҰҰ аталған аймақтан армян әскерін шығарып, Әзербайжан аумағы деп есептеу жөнінде шешім шығарған.

Бірақ жанжал әлі күнге дейін шешілген емес.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498