Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
3281 0 пікір 13 Шілде, 2020 сағат 12:54

Н.Нығматулин мен М.Әшімбаев коронавирус індетінен құрбан болғандарды еске алды

Парламенттің Мәжіліс және Сенат Төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтарды еске алды.

Бүгін Мәжіліс пен Сенат ғимараттарындағы Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жалпыұлттық аза тұту күнінде Парламентте коронавирус індетінен құрбан болған азаматтарға арналған еске алу рәсім өтті.

Парламенттің Мәжіліс және Сенат төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев барлық депутаттық корпус атынан коронавирус індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары коронавирус індеті салдарынан туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандықтардың қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2676
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 792
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 760