Сенбі, 23 Қараша 2024
2197 0 пікір 16 Шілде, 2020 сағат 15:12

Алматы облысында дәрі сатып алу үшін қосымша 500 миллион теңге бөлінді

Алматы облысында 50 миллион теңгенің дәрісі тегін таратылады.Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов дәрілер сақталған көтерме қоймаларды аралаған кезде айтты.

«Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың бұйрығына сәйкес, жергілікті бюджеттен дәрілік заттарды сатып алу үшін қосымша 500 миллион теңге бөлінді.

Бұдан бөлек 50 миллион теңгеге вирусқа қарсы препараттарды сатып алу жоспарланып отыр. Кейін олар қаупі жоғары топтағы азаматтарға тегін таратылады. Олар - егде жастағы адамдар, созылмалы ауруы бар тұрғындар және азаматтардың басқа да санаты», - деді Байжұманов.

Еске салайық, бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде дәрі тапшылығы болып, қазақстандықтар шағымданған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5541