Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
6124 4 пікір 18 Шілде, 2020 сағат 17:13

Ковидпен күреске бөлінген қаржыны жымқыру бойынша тергеу жүріп жатыр

ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Экономикалық тергеу қызметі (СЭР) коронавирус инфекциясымен күреске деп бөлінген мемлекет қыржысын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр екен. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлады.

«Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі коронавируспен күреске бөлінген аса ірі көлемдегі мемлекет қаржысын алаяқтық арқылы жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуде», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тағы үш қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын бастаған. Олар:

- «Медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ лауазымды тұлғаларының бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс;

- Жекелеген тұлғалардың ірі көлемде медициналық бетперделерді заңсыз иемдену фактісі бойынша іс;

- Медициналық мекемелердің жекелеген басшыларының аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыруы фактісі бойынша іс.

«Сонымен қатар, Қауіпсіздік кеңесі мен Президент аппараты бірлескен бастамасы бойынша, құқық қорғау органдары коронавируспен күреске деп шет елдерден келіп жатқан гуманитарлық көмектің мақсатты әрі тиімді игерілуін бақылайтын болады», - делінген хабарламада.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1357
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2937
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1008
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 949