Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5567 0 пікір 30 Қараша, 2011 сағат 13:01

Алдағы 6 жылға Жезқазған өңірінің дамуына шамамен Т130 млрд бөлінеді

Қарағанды. 30 қараша. ҚазТАГ - Жезқазған аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына алдағы 6 жылда Т130 млрд бөлінеді, деп Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов мәлім етті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен үкімет қаулысымен Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары және Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілген. Оны іске асыруға 130 млрд теңге бөлінеді. Бұл орасан ауқымды қаражат және біз оны тиімді игеруге күш саламыз», - деді С. Ахметов сәрсенбі күні Жезқазғанға жасаған жұмыс сапары барысында актив жиналысында.

Актив жұмысына «Қазақмыс» корпорация басқармасының төрағасы Эдуард Огай, Жезқазған, Стпаевтың  және Ұлытау ауданының жұртшылық өкілдері қатысты. Облыс әкімі бұл кешенді жоспар Жезқазған аумағының тұрғындарының өтінішін ескере отырып жасалды, деп атап өтті.

«Кешенді жоспар 8 тараудан тұрады. Олар минералдық-шикізатты базаны кеңейту, индустриалдық-инновациялық даму, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық, тұрғынүй құрылысы, көлік инфрақұрылымы, әлеуметтік инфрақұрылым, экология мен табиғатты пайдалану және туризм», - деп құжатты облыс әкімінің орынбасары Талған Әбілдә таныстырды.

Жоспармен 2012 жылы Жезқазған өңірінде Т3,4 млрд сомалық инвестициялық жобалар іске асырылмақшы. Оның ішінде Жезқазған кеніштерінен де тыс аймақта тау-кен өндіру кәсіпорнын салу, жылына 9400 тонна ет өндіре алатын еттік бағыттағы құс фабрикасын салу, Жезқазғанда тігін өндірісін дамыту бар. Одан басқа көкөніс өсіретін жылыжай шаруашылығын ашу, кварцтың ашық кеніштерінде ферроқорытпа өндірісін ашу да бар», - деп санап шықты Т. Әбілдә.

Сондай-ақ аймақтағы электр тораптарын жетілдіру, қосымша тағы салу, Жезқазғанның жылу желілерін қайта жөндеуден өткізу, су қоймасын салу т.б. бар.

Кешенді жоспарда Ұлытау аймағына туризмды дамыту да қарастырылған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036