Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5271 0 пікір 30 Қараша, 2011 сағат 13:15

Үкімет Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беруді қарастыратын түзетулерді парламентке енгізді; сенат түзетулерді 1 желтоқсандағы пленарлық отырысында қарайды

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР үкіметі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беріді қарастыратын «ҚР тұңғыш президенті ұлт лидері туралы» және «Мемлекеттік наградалар туралы» заңдарға түзетулерді парламенттің қарауына енгізді.

«Бұл түзетулерге сәйкес Қазақстанның тұңғыш президенті ұлт лидері өзінің мәртебесі бойынша алтын жұлдыз ерекше айыру белгісі - алтын жұлдызды және «Отан» орденін табыс етумен «Халық қаһарманы» атағына ие деп белгілеу қарастырылған», - деді әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов сәрсенбі күні сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің отырысында заң жобаларын таныстыру барысында.

Сондай-ақ, ол ҚР тұңғыш президенті жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін, Конституцияның, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз еткен болып табылатынын атап көрсетті.

Д. Құсдәулетов үкімет атақ тағайындау туралы бастама көтеріп отырған жоқ, «біржақты шешетін» заңдарға түзетулер енгізеді.

«Бұл өзгеріс ақырғы шешім болып табылады. Әрине, олар заңдар сияқты президенттің қол қойғанын қажет етеді. Бірақ наградаларда біреуді марапаттау туралы бастама көтеру мәселесі бар, осыдан кейін президент жарлыққа қол қояды, бұл - басқа механизм. Бұл жағдайда біз заңда мұның оның мәртебесіне байланысты екенін жазамыз, оның үлесін, тәуелсіздіктің 20 жылдығын және тәуелсіздікке қосқан үлесін ескере отырып», - деп нақтылады Д. Құсдәулетов.

Сонымен қатар, «президент түзетулерге вето салып немесе қол қоймауы мүмкін бе» деген сұраққа жауап берген әділет вице-министрі былай деді: «Ол вето сала алмайды, өйткені бұл оның қазірдің өзінде бар мәртебесіне байланысты. Заң ол тұңғыш президент - ұлт лидері болғандықтан, жай нақтылайды, ал кейінгі президенттер ондай мәртебеге ие бола алмайды, бұл дегеніміз оның мәртебесіне «Халық қаһарманы» атағы деген қосымша бар дегенді білдіреді».

Өз кезегінде сенатор Төлеген Мұхамеджанов «тұңғыш президент өзінің мәртебесі бойынша «Халық қаһарманы» атағына ие» деген сөйлемді дұрыс емес деп есептейді.

«Бір түрлі ... естіледі. Мүмкін «мемлекеттің құрылысындағы ерен еңбегі үшін» жақсырақ болатын шығар», - деді ол.

Талқылаудан кейін заң жобаларын комитет 1 желтоқсанда бейсенбі күні өтетін пленарлық отырыстың барысында қарауға енгізуге мақұлдады.

Еске сала кетейік, премьер-министр Кәрім Мәсімов министрлер кабинетінің қарауына ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынды.

Оның пікірінше, Н. Назарбаевқа бұл атақты «тәуелсіз Қазақстанды құрудағы тарихи ролі» үшін беру керек».

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036