Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әлеумет 6042 9 пікір 23 Шілде, 2020 сағат 15:41

«Қазақстанда кедейлер көбейеді»

Коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанда кедейлер көбейіп, әлеуметтік теңсіздік ұлғаяды. Дүниежүзілік банк осылай деп болжап отыр.  

Республика экономикасы 1990-жылдардың соңынан бері алғаш рет үш пайыз қысқарады, деп есептейді Дүниежүзілік банк мамандары. Халықаралық институттың 22 шілдеде жариялаған баяндамасында Қазақстан экономикасы 2021 жылы 2,5 пайыз өседі деп болжанды.

«Ұзақ уақытқа созылған дағдарытан елде кедейлер көбейіп, әлеуметтік теңсіздік арасы алшақтай түседі. Алдын ала болжам бойынша, 2020 жылы кедейшілік 12,7 пайызға артады. Банк мамандарының есептеуіне қарағанда, биыл 800 мың адам кедейлер санатына түседі» - деп межелейді Дүниежүзілік банктің мамандары.

Баяндама авторларының болжамына сәйкес, коронавирус пандемиясы және оны тежеу әрекеттері салдарынан Қазақстанның еңбек нарығы зардап шегеді, әсіресе бұл дағдарыс біліктілігі төмен жұмысшыларға ауыр тиеді. Салық жеңілдіктері мен салықтан босату дағдарысқа қарсы шығындарды көбейтіп, бюджет табысын төмендетті, осының кесірінен 2020  жылы бюджет тапшылығы артады.

Биыл алғашқы тоқсанда Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 2,3 пайыз өсім көрсеткенімен, одан соң коронавирус елге тараған уақытта ахуал қиындай түсті.

«Билік COVID-19 пандемиясын тежеуге арналған шаралар қабылдады, ал бюджеттегі қор эпидемиясының экономикаға әсерін жұмсартуға мүмкіндік берді. Дегенмен мұнайға сұраныстың төмендігі және бағаның арзандауы, сонымен бірге пандемияның ұзаққа созылуы экономика болашағын бұлыңғырлата түсті. Соған қарағанда, биліктің қордағы қаражатын кедейлер мен аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек ретінде беріп, экономиканы қалпына келтіруге көмектесетін реформаны тездеткені дұрыс болады», - деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы кеңсесіндегі аға экономист Самсу Рахарджа.

Банк баяндамасында пандемия Қазақстанда адам капиталының дамуына кері әсер ететіні айтылған.

«Пандемия мен жеңілдету шаралары еңбек нарығында дағдарыс тудырады. Әсіресе, біліктілігі төмен жұмысшылар жұмыс істейтін салаларда жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді.

Карантин кезеңінде сапалы білімге бірдей қол жеткізу қиын, қашықтан оқыту барлық оқушыларға бірдей тиімді емес. Бұл білім саласының, адами капиталдың дамуына, әсіресе халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына кері әсерін тигізуі мүмкін », - деп атап өтті сарапшылар.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052