Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4501 4 пікір 1 Тамыз, 2020 сағат 11:50

Маска тағуды міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қоғамдық орындарда маска тағуды міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді. Енді бұл ереже балалар үшін және ашық ауада жаттығу жасайтындар үшін міндетті емес.

«Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы»  министрдің 2020 жылғы 5 шілдедегі бұйрығына өзгерістер енгізілді.

«10-тармақтың 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

7) қоғамдық орындарда, халық келетін, қызмет көрсетілетін және демалуға арналған нысандарда, қоғамдық көлікте, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтық сақталатын қоғамдық тамақтану орындарын қоспағанда медициналық немесе мата маскаларын тағу міндетті, 

9) қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата маскаларын тағу міндетті, бұған бес жасқа дейінгі балалар, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан аспайтын жеке, топ бойынша спортпен айналысатын адамдар кірмейді», - делінген жаңартылған құжатта.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2404
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 636
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 617