Сенбі, 23 Қараша 2024
2159 0 пікір 13 Шілде, 2020 сағат 09:31

«Рухани Жаңғыру»: Жамбыл облысы Талас ауданында 12 нысан салынуда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыдан тура үш жыл бұрын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланып, «Рухани жаңғыру» бағдарламаның бастау алған болатын. Елбасының мәні мен маңызы өте жоғары сол еңбегінің елдің ертеңі, ұлттың болашағы болған жастарға береру мол. Тәуелсіз мемлекет ретінде халықтық рухани сананы жаңғыртудың маңызы зор. Осы жолында рухани үлкен сілкініс жасауға бастайтын Елбасы еңбегінің мемлекетті өркендетуге тигізер пайдасы орасан.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жолға қойылған үш жылдан бері еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Рухани сананы жаңғырту тұрғыснан болсын, әлеуметтік, мәдени саланы жаңарту бағытында болсын мыңдаған жұмыстар жүзеге асты. Аталған игілікті жұмыстардың бәрі ақпарат құралдары арқылы көпшіліктің назарына ұсынылды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегі елдегі көп түйткілдің түйінін шешіп, көптеген саланың бойына қан жүгіртті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бір өңірлерде тарихи мәдени мәндегі шаралар өтіп, ұлттық рухтың оянуына жол ашылса, енді бір өңірлерде сапалы жолдар, сындарлы құрлыстар салынып, халықтың салауатты өмір салтына қадам басуына қолайлылық жасалды. Басқасын айтпағанда соңғы бірнеше жылда Республика көлемінде салынған ірі жолдардың өзі неге тұрады. Аталған жолдар бүкіл ел аумағын тұтастырып жатқан мемлекеттің қан тамыры іспетті.

Ал әр өңірде бой көтерген баспаналар ел тұрғындарының баспанамен қамтамасыз етілу барысын жетелдетті. Ал әр аймақта салынып жатқан спорттық нысандар жастардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына үлкен пайдасын тигізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салынған спорт нысандарынан болшақта ел үмітін ақтап, Қазақстанның туын әлемдік аренада желбірететін спортшылар шығатынына сенім мол.

Жамбыл облысының Талас ауданында жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бірден үш нысан пайдалануға беріледі. Ерекше айта кетерлгі Көктал ауылында пайдалануға берілген осы үш нысанның жалпы құны 70 миллион теңгені құрайды. Бұл нысандарды аталған өңірдің өз тумалары, кәсіпкерлер мен меценаттар демеушілік етіп салдырып отыр.

Жергілікті кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарлама аясында оларды өз қаражатына салады. Бұлардан бөлек тағы 12 әлеуметтік маңызы бар нысан ауданның бірнеше ауылында салынып жатыр. Аса ауқымды осы он екі әлеуметтік жобаның құрлыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осылайша жергілікті кәсіпкерлер өздерінің туғар жерілерінің өсіп-өркендеуіне қолдау көрсетуде.

Су жаңа әлеуметтік нысанға айналған Көктал ауылындағы бір ғимарат бұрын ескі дүкен болған. Мемлекет есебіндегі осы ескі жүкенді қайтадан жөндеу жұмыстарына кәсіпкерлер өз қалталарынан 35 миллионын теңге жұмсады. Сөйтіп ескі ғимарат ретке келтірілді, қажетті жабдықтар сатып алынып, спорт мектебі ашылды. Енді ауыл балалары осында спорттың он неше түрімен шұғылдана алады. Осылайша жамбылдықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатынсыз-ақ көптеген ізгі шаралады істеуге болатынын дәлелдеп берді.

 Роман Қырықбаев, Көктал ауылдық округінің әкімі:

- Біздің спорт залымызда балалар бокс пен күреспен айналысады. Сабақтар уақытылы екі топта өткізіледі. Душ пен әжетхана бар. Біз спортшыларға барлық жағдайды жасадық. Енді бірлескен күш-жігермен біз алдағы уақытта аз қамтылған бір отбасыға үй салып беруді жоспарлап отырмыз.

Жыл басынан бері Жамбыл облысы Талас ауданында 15 миллион теңгенің 8 жобасы жүзеге асырылды. Сонымен қатар көктемнен бері бес мыңнан астам жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды. Осы тұрғыдан алғанда аталған өңірде әлеуметтік салаға барынша көңіл бөлініп жатыр деуге болады.

Гүлмира Тәттімбетова, Талас ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Шакиров ауылдық округінде жолдар жөнделіп жатыр. Ойын алаңы салынды. Сонымен қатар Майтөбе ауылында спорт ғимараты пайдалануға берілді. Барлығы жиырма әлеуметтік жоба іске асырылды. Олардың ішіндегі ең ірісі - Қызыләуіт ауылындағы спортзал мен монша салынды.

«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер облыстың ауылдық округтерінде мұқтаж отбасыларға арнап 9 үй салып беруді жоспарлап отыр. Олар бір жағынан осы игі шараны жүзеге асыруға демеушілер іздеп, екінші жағынан болашақ тұрғын үйлердің жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін облыста 300-ден астам үй салу жоспарланып отыр. Бұл тұрғынүйлер облыстағы аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға беріледі. Осы арқылы өңірдегі мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстар жүргізілмекші.

Сөз соңында елмідің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде ел тұрғындарына арнаған асыл пікірін назарларңызға қайта ұсынамыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы:

- Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен  мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи­қатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өр­кен­деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496