Сенбі, 23 Қараша 2024
2174 0 пікір 15 Шілде, 2020 сағат 09:48

«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылды

Заң - өркениетті қоғамның ажырамас маңызды түйіні. Адамзат баласының алға басқан қадамын жебейтін тірегі, жаңа дәуріге аяқ басқалы жер шарын бірқалыпта ұстап тұрған жүрегі. Заңы кемелді, құқықтық мәдениеті дамыған елде нағыз демократия орнайды. Заңның үстемдігін қалыптастыру және қорғауды халықтың құқықтық мәдениетін өсіруден бөліп қарауға келмейді. 

Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес. Заң талаптарын бүкіл халық білу керек. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығы мен заңды жауапкершілігін түсінетін болады. Сонда ғана мемлекеттің құқықтық мәдениетті артып, халықтың құқықтық санасы толық қалыптасады. Сонда ғана демократиялық және құқықтық мемлекет құруға мүмкіндік туады. Заңдық сауаттылық азаматтық қоғам қалыптастырудың аса маңызды негіздерінің бір деуге болады.

Құқықтық тәрбие дегіміз не? Құқықтық тәрбие қашаннан басталады. Елімізде жетілген конституция бар. Ата заң азаматтардың құқығын қорғауға, нағыз демократиялық қоғам құруға толық мүмкіндік береді. Ендеше осы заңның рөлін күшейтіп, оның қоғамда нақты жүзеге асуын қадағалау үшін де халыққа құқықтық тәрбие керек секілді. Елдегі демократияны барынша жетілдірудің, заңның үстемдігі арттырудың және құқықтық тәртіпті нығайтудың маңыздылығы жоғары.

Елімізде құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелерінің маңыз жоғары екенін айттық. Демек жеке тұлғалардың құқықтық мәдениеті мен құқықтың санасын қалыптастырудың маңызды зор. Төменде халыққа тегін құқытық кеңес беру науқаны жайлы ақпаратты жариялап отырмыз. Онда Қызылорда облысындағы тұрғындардың құқықтың мәдениетін өсіру мақсатында жасалған жұмыстар жайлы айтылған.

Атап айтар болсақ, Қызылорда облысында 2020 жылдың басынан бері тұрақты түрде әр айдың 11 және 14 күндері аралығында «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру жұмысы өткізіліп жүр. Бұл науқан Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, аймақтық «Антикор орталығының» ғимаратында өткізіліп келеді.

Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Азаматтардың заңдық құқығын қорғау заң органарының маңызды жұмыстарының бірі саналды.

Біз сөз етіп отырған тегін құқықтық кеңес беретін «Халық заңгері» науқаны биыл жыл басынан бері Қызылорда облсында 21 мәрте ұйымдастырылған. Оған 700-ден астам өңір тұрғы қатысып, өз саласы бойынша білікті мамандардан әлеуметтік, жер, тұрғын үй қатынастары, денсаулық, ауылшаруашылық мәселелері және өзгеде өзкеті түйіндер бойынша тегін кеңес алған. Кеңес беруге өз саласының білгір мамандары танымал заңгерлер (адвокат, нотариус, сот орындаушылары,) қатысқан. Сондай-ақ, Арнайы мониторингтік топ мүшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері де осы науқанға қатысып, құқықтық кеңес алған.

Ал елде коронавирусқа байланысты карантин жарияланғаннан бері, бұл науқан онлайн режимде ұйымдастырылып жүр. Әрі әр шара өтер алында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ресми сайтында кезекті шараның қашан өтетіні, қай бағытта, қай салада кеңес берілетіні арнайы хабарланады.

«Халық заңгері» науқанының әзірге соңғы саны 14 шілде күні жергілікті уақыт сағат 10:00-де өтті. «Халық заңгері» шарасының бұл саны да Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде өтті. Кезекті шараға Қызылорда облысына танымал білікті нотариустер Г.Ашимова мен Е.Жалғасбай қатысып, заңдық кеңес берді.

«Халық заңгері» шарасының онлайн форматта өткен кезекті саны бірнеше сағатқа жалғасты. Оған тікелей эфир арқылы 285 тұрғын қатысып, өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Әрі спикерлерден қойылған сұрақтары бойынша кеңес алды.

Азаматтары заңмен қорғалған елде өмір сүріп жатқандықтан, әрбір азаматтың заңды құқығын білгені абзал. Бұл өркениетті қоғамның белгісі. Жаңа ғасырда жұмыр жердің бетінде заңды құқығын білмейтін адам болмауы керек. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заңның қорғауында!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522