Сенбі, 23 Қараша 2024
2514 2 пікір 4 Тамыз, 2020 сағат 13:15

Қай облыстарда індет өршіп тұр?

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус бойынша жағдайы тұрақты және індет өршіп тұрған өңірлерді атады.

Үкімет басшысының айтуынша, елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатыр.

«Коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсімі 1,2 пайыздан аспайды. Қазіргі таңда ауру жұқтырғандың 69,4 пайызы жазылды. Қалған науқастар қажет медициналық көмек алып жатыр. Ауруханалардың жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді», - деді ол үкімет отырысында.

Сондай-ақ, премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйеніп, аптаның қорытындысы бойынша инфекцияның репродуктив деңгейі бірден төмен облыстарды атады.

«Бұл - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары. Сонымен қатар, инфекцияның репродуктив деңгейі бірден жоғары облыстар бар. Бұл - Қостанай, Ақмола облыстары. Мұнда жағдай күрделі. Осындағы әкімдер эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге баса назар аудару керек», - деді Асқар Мамин.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345