Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3250 6 пікір 7 Тамыз, 2020 сағат 14:20

МӘМС. 75,5 млн. теңгеге «жалған құжат» жасалған

Сенат депутаты Дана Нұржігітова Бас прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігінен медициналық қызмет көрсетілді деп жалған мәлімет беру жағдайын тексеріп, кінәлілерді жазалауды сұраған. Ол бұл туралы әлеуметтік желілердегі парақшасында мәлімдеді.

«Медициналық сақтандыру қоры бір ғана жарты жылдықтың ішінде соммасы 75,5 млн. теңге 11 607 жалған тағайындау жасағаны анықталған. Қазір еліміз үшін онсызда оңай емес кезеңде орын алған жағдай отандық денсаулық сақтау жүйесін «қайта іске қосу» қажет емес пе деген ой салып отыр.

Кінәлілерді анықтап және жазалап қана қоймай, сондай-ақ жүйелік кешендік шаралар қарастыру қажет. Менің ойымша, бұл жағдайда қарапайым дәрігерлерге ғана жауапкершілікті артудың қажеті жоқ. Олардың еңбегіне пандемия кезінде барлығымыз куә болдық. Уәкілетті органнан осындай жағдайларды бұдан әрі болдырмау және толығымен жою мәселеріне қатысты нақты ұсыныстарын күтеміз», - делінген сенатордың жазбасында.

Дана Нұржігітова қадағалаушы органға жоғарыдағы аталған заң бұзушылықтарды анықтау, көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін төленген қаражаттарды қайтару және кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша прокурорлық бақылау жүргізу туралы ресми сауал жолдайтынын жазыпты.

Сонымен қатар, өзінің депутаттық мандатын пайдалана отырып, сенатор Денсаулық сақтау министрлігіне жалған тіркеуді болдырмау арқылы медициналық төлем жүйелерін одан әрі жетілдіру, ведомстволық және науқастар тарапынан қадағалау құқығын күшейту, Қордың (ӘМСҚ) және өзге де медициналық ұйымдардың толықтай қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету туралы ресми үндеу жолдайтынын мәлімдеді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394