Жұма, 29 Наурыз 2024
Өзгелер 6015 18 пікір 10 Тамыз, 2020 сағат 11:07

Лукашенко жеңді ме, жеңілді ме?

Беларусьтегі кеше өткен президенттік сайлаудың бейресми қорытындысы жария болды. Ұлттық эксзит-полдың есебінше, бұл жолы да президент Александр Лукашенко жеңіске жеткен.

Экзит-пол қорытындысы: Лукашенко жеңді

Александр Лукашенко – 79,7 пайыз дауыс, ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская 6,8 пайыз дауыс алған. Сайлаудың ресми қорытындысы 10 тамызда, яғни бүгін жариялануы тиіс.

Беларусь билігі бұл сайлауға халықаралық бақылаушыларды және демократиялық талаптардың жүзеге асуын бақылайтын еуропалық ұйымдардың өкілдерін қатыстырған жоқ. Осыған қарамастан, ел билігі сайлау өтті деп есептеді.

Разное. Кандидат в президенты Светлана Тихоновская в телеобращении ...

Бейресми есеп: Тихоновская жеңді

Беларусь белсенділері ресми есепті мойындамай, өздерінің экзит-полын жариялаған. Ол бойынша Тихановская 70 пайыз, Лукашенко 10 пайыз дауыс алған.

Елді 26 жылдан бері басқарып келе жатқан, 65 жастағы Александр Лукашенко бұл жолы да сайлауға қатысқан. Оның негізгі қарсыласы қарапайым мұғалім Светлана Тихановская. Ол күйеуі, оппозициянер Сергей Тихановскийді үміткер болуға жеткізбей қамауға алғаннан кейін саясатқа баруға шешім қабылдаған.

Светлана Тихановская сайлаудың бейресми қорытындысы – ұлттық экзит-пол есебімен келіспейтінін, Лукашенконың жеңісін мойындамайтынын мәлімдеген.

Ал Беларусь Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина сайлаудың нақты қорытындысы жұмаға дейін есептеліп болатынын айтқан. Ол сондай-ақ, жеңілген үміткерлерге сайлау нәтижесін сабырмен қабылдап, елде бүлік шығармауға кеңес берген.

Фото ©REUTERS

Беларусьтегі митинг. Зардап шеккендер көп...

Десе де, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар министгілерге шыға бастаған. Кейбір деректерге сүйенсек, Лукашенко жеңісін мойындамайтындардың митингіне ұзын-ырғасы 100 мыңға жуық адам жиылған.

«NEXTA Live» деректеріне қарағанда, Немигте тұтқындарды тасымалдайтын үлкен көлік наразы топты қаққан. Зардап шеккендер бар, қайтыс болғандар да болуы мүмкін.

Әуелде наразы топ Жеңіс паркіндегі «Минск - город-герой» тастұғырының алдына жиналған. Кейін күштік құрылымдар жиналғандарды шетке ығыстырып шығарған. Арнайы операцияға Ішкі істер сарбаздары мен ОМОН жасақтары жұмылдырылған. Наразы топты тарқату үшін көз жасаурататын газдар мен су шашқан. Осыдан кейін екі тарап арасында қақтығыс орын алған. Екі тараптан да зардеп шеккендер бар делінген ресми ақпаратта.

Ал күштік құрылымдар тарапынан 8-9 тамыз күндері 80-ге жуық адамның тұтқындалғанын мәлімдеген.

Президенттік сайлаудың алдында президент Лукашенконың «жалғыз» оппоненті Светлана Тихоновскаяның штабына сайлауға жіберілмеген екі ірі оппозициялық топ біріккен еді. Олар: «Белгазпромбанктің» бұрынғы басшысы Виктор Бабарико мен оппозицонер Валерий Цепкалоның сайлауалды штабы. Ал Тихановаскаяның сайлауалды үгіт-насихат жиындарының әрқайсысына 35 мың мен 65 мыңның аралығында адам жиналып отырған. Сарапшылар, мұны Лукашенко билігі тұсындағы ең ірі наразылық жиындары деп бағалаған.

Фото ©REUTERS

ОСК: Лукашенко 80,23 пайыз жинады

Айтпақшы, бүгін Беларусь Орталық сайлау комиссиясы кешегі сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялапты. Ол бойынша Александр Лукашенко 80,23 пайыз дауыс жинаған. Ұзын-ырғасы 4 миллион 652 мың адам дауыс берген.

Ал Светлана Тихоновскаяға 574 мың адам дауыс берген. Оның нәтижесі 9,90 пайыз деп көрсетілген.

Анна Канопацкая 1,68 пайыз, Андрей Дмитриев 1,04 пайыз, Сергей Черечень 1,13 пайыз дауыс жинаған. Ал 6,02 пайыз электорат барлығына қарсы дауыс беріпті.

Беларуь ОСК мәліметінше, бұл сайлауға 5 миллион 790 мың адам келіп дауыс берген. Бұл шамамен 84,23 пайызды көрсеткен.

Тоқаев Лукашенконы құттықтады

Айтпақшы, жаңа ғана Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы президенттікке қайта сайлануымен құттықтады.

«Осындай саяси қиын-қыстау кезде өткен сайлаудың қорытындысы - Сіздің Беларусь Тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту жолындағы бағытыныңыздың халық қолдауына ие екенін көрсетеді», - деп жазылған ресми хатта.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544