Білім министрлігі әзірге оқушылардың бәрін мектепке шақыруға дайын емес. Сол себептен 1 қыркүйекте елдегі 3 млн 300 мың оқушының тек жарты миллионы ғана мектеп партасына отырады.
Қалған 2 млн 600 мың бала қашықтан оқуды жалғастырады. Оларға арналған сабақ мемлекеттік арналар мен интернеттен көрсетіледі. Ал колледж бен жоғары оқу орындарында сабақ онлай жалғаса бермек.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда балалары бар жарты миллионнан астам отбасы интернетсіз отыр. Тіптен кейбір отбасында компьютер жоқ. Кейбір мұғалімдер де осындай жағдайда.
Қаскелен қаласындағы мектеп оқушылары қолдарына жазу ұстаған плакат ұстап наразылыққа шыққан: Алматыдан 30 шақырым қашықтықта орналасқан бұл қалада интернетпен проблема бар.
"Біз ойын алаңын талап етпейміз. Біз дұрыс оқығымыз келеді. Сондықтан бізге интернет қосып беруін талап етеміз" – деді оқушылар.
"1 қыркүйекке дейін 500 мыңнан астам оқушыларды компьютермен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бір ай ішінде мұғалімдерді де компьютермен қамтамасыз етеміз. 24 мың мұғалімде компьютер жоқ", - деген елдің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Abai.kz