Жұма, 26 Сәуір 2024
2725 1 пікір 12 Тамыз, 2020 сағат 16:41

Алматы облысының бас санитар дәрігері тағайындалды

Ерғали Сыдыманов Алматы облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін басқаратын болды. 

Осыған дейін ол Маңғыстау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін басқарған болатын.

Айта кетейік, Ерғали Сыдыманов 1970 жылы 7 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1996 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2004 жылы Тараз қаласының Дулатиатындағы мемлекеттік университетінде білім алған.

Ол еңбек жолын Жамбылдағы жедел жәрдем станциясында санитарретінде бастады. Кейін Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің санитар дәрігері, Атырау қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрігері, Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, Талдықорған қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып жұмыс істеген.

Ерғали Сыдыманов - медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Abai.kz

1 пікір