Сенбі, 24 Мамыр 2025
2275 0 пікір 13 Тамыз, 2020 сағат 11:54

Өзбекстан 15 тамыздан бастап карантин талаптарын жұмсарта бастайды

15 тамыздан бастап Өзбекстанның барлық аймақтарында күндіз қоғамдық көліктер жүрсе, ішкі әуе және темір жол қатынасына да рұқсат беріледі. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзияев 12 тамызда видеоселекторлық жиында айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, бұдан бөлек санаторийлер, мейрамханалар, музейлер, балалар лагері, сұлулық салондары, шаштараз және қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат беріледі.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, 30-дан артық емес адамның басын қосып жиын, шара өткізуге болады.

20 тамыздан бастап киім-кешек, құрылыс материалдарын сататын базарлар, ірі дүкендер, спорттық заттар, фитнес-клубтар және бассейндер ашылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2849
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4584