Оның әйелі Светлана Тихановская 9 тамызда өткен президент сайлауында Александр Лукашенкоға қарсылас болды.
Tut.by мәліметі бойынша, ғимарат алдындағы алаңға шамамен 5-7 мың адам жиналды. Олар "Босат!", "Кет!" деп ұрандатты.
№ 1 тергеу изоляторының алдына жиналғандардың бір көлігі Окрестин көшесіндегі абақтыға қарай бет алды. Мұнда да Минск қаласындағы наразылық акциялары кезінде ұсталғандар отыр.
Беларусь ішкі істер министрлігі кеше абақтыларда 122 адам қалғанын хабарлаған.
9 тамызда өткен президент сайлауынан соң Беларусьта жаппай наразылық акциялары басталды. Мыңдаған адам ұсталды, жүздеген адам жараланды, кем дегенде бір адам қаза тапты.
Abai.kz