Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 6960 7 пікір 21 Тамыз, 2020 сағат 11:58

Жириновский ескі әніне қайта басты

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты В. Жириновский бұрынғы КСРО-ның барлық территорияларын Ресейге қайтаруға шақырды. Ресейлік саясаткер ТМД аумағындағы соңғы большевик Беларусь басшысы Александр Лукашенконың билік қолыннан кетіп бара жатқанын айтты.

Оның пікірінше, қазір бұл республикада болып жатқанның бәрі - кеңестік жүйенің мұрасы.

«Беларусьте болып жатқанның бәрі кеңес саясатының мұрасы. Біріншіден, КСРО республикаларға бөлінді, қатаң саяси режимнің көмегімен 70 жыл бойы бірге болды. Соңғы 30 жыл бойы біз есептедік - олар біздің орбитада қалуы керек еді, ал бұл олай болмады», - деді Жириновский.

Ресей Либералды-демократиялық партиясының төрағасы сөйлесудің уақыты өтіп кеткеніне сенімді.

«Енді қатал әрекет ету керек - КСРО-ны саяси режим ретінде емес, барлық аумақтарды қайтару керек. Ешқандай республикаларға жол жоқ. Барлығы Ресейдің құрамында болу керек», - дейді.

2020 жылдың маусым айында Ресей телевизиясына берген сұхбатында Ресей басшысы Владимир Путин бұрынғы КСРО елдері бұл бірлестіктен шыққаннан кейін Ресей халқынан жерді сыйлыққа алды деп мәлімдеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 12 маусымда Украина алдыңғы қатарлы мүмкіндіктері бар НАТО серіктесі болды. Солтүстік Атлантика Альянстың серіктесі ретінде Украина НАТО-ның барлық қолдауын алады, бағдарламалар мен жаттығуларға қол жетімділікті кеңейтеді және нәтижесінде осы елдің НАТО-ға толық мүше болуына жол ашады. Украина бұған ұзақ жол жасады.

Ең қызықтысы, Украина Путинге Еуропалық одақ пен НАТО-ға барар жол үшін ризашылық білдіруі керек. Себебі Украинаның ЕО мен НАТО-ға бет бұруына Мәскеудің бүгінгі саясаты себеп болды. Кучма кезінде ресми тәуелсіз Украина негізінен бұрынғы кеңес одақтас республикасы болып қала берді. Ресеймен дос болғысы келген Украинаның саясаткерлері Ресейдің де, Батыстың да мүдделерімен есептесу керек деп санайтын, «көпвекторлы» деп аталатын ұстаным бар еді.

Егер Ресей бейбіт және тұрақты дамып келе жатқан мемлекет болса, көршілерін құрметтесе, онда, қазір Украина НАТО-ға мүше болудан бас тартатын еді. Бірақ путиндік Ресейінде, өкінішке орай, Кеңес империясының идеологиясы, агрессивті кек пен шовинизм басым болды. Украина мұндай көршісінен оқшаулануға барлық мүмкіндігімен тырысуда және НАТО мен ЕО-ға қарай ұмтылуда.

«Крымнаш» пен Путиннің Донецк және Луганск облыстарының бір бөлігін басып алуы - Украинаны толыққанды таңдау жасауға жетеледі. Украиндер өзінің мықты армиясы болу керек екенін анық түсінді. Ешбір «Будапешт меморандумдары» Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды.

Украина өзінің армиясын толығымен реформалауға кірісті және путиндік агрессиясына қатты қарсы тұра бастады. Дереу Еуропа Одағымен бірлестікке қол қойылды. Біраз уақыттан кейін Украина визасыз режимге ие болды, қазір НАТО-ның серіктес мәртебесін алды. Осылайша, олар Путиннің барлық империялық жобаларымен «қоштасты». 

Сонымен, Жириновский соңғы 30 жыл ішінде бұрынғы КСРО одақтас республикаларының тәуелсіздігіне қарсы ашық империалистік-шовинистік үгіт жүргізіп отыр. Алайда, қазіргі әлемдік-тарихи процесс және тарихи әділеттілік империялар құрған уақыттың құрдымға кеткенін көрсетеді!

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458