Қытайға Орталық Азия елдері қанша қарыз?
1.Қазақстан - 12 млрд доллар.
2.Қырғызстан - 1,7 млрд доллар. Яғни жалпы қарызының 42% дәл осы Қытайға тиесілі.
3.Өзбекстан - 7,8 млрд доллар. Қытайдан қарыз алу Шавкат билікке келген соң бірнеше есе артқан. Ресми билік Қытайға қарызды 3 млрд доллар дегенімен, шынайы көрсеткіш 7,8 млрд дейді сарапшылар.
4.Тәжікстан - 1,2 млрд доллар. Жалпы қарызының 48% Қытайға тиесілі. Оның үстіне 2011 жылы шекараны реттеу деген келісім бойынша жерінің 1% Қытайға берген.
5. Түркіменстан қанша қарыз екені белгісіз. Тек ашық ақпараттарға қарап Қытай бұл елдің газ саласына 8 млрд доллардай инвестиция құйғанын көруге болады.
Қытайдың қарызын төлей алмауы мүмкін елдердің ішіне "қызыл тізімге" Орталық Азиядан Қырғызстан мен Тәжікстан кіріп тұр екен.
Асхат Қасенғалидың жазбасы
Abai.kz