Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4209 0 пікір 27 Тамыз, 2020 сағат 12:40

Дүниежүзілік экономикалық форум коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді

Дүниежүзілік экономикалық форум Давоста 2021 жылдың жазында өтеді. Бұл жөнінде форумды ұйымдастырушылар мәлімдеді.

Қаңтар айында онлайн форматта "Давос диалогы" форумы өтеді. Онда әлем лидерлері 2021 жылдағы трендтер жайында сөз қозғайды.

Дүниежүзілік экономикалық форум – 1971 жылы құрылған швейцариялық үкіметтік емес ұйым. Форумға әлемнің мыңдаған ірі компаниясы мен ұйымдары мүше.

2020 жылдың қаңтарында Давоста 50- экономикалық форум өткен. Оған әлемнің 117 елінен үш мыңға жуық адам қатысқан. Олардың арасында 36 елден келген Марк Цукерберг, Джордж Сорос және Билл Гейтс секілді ірі миллиардерлері болды. Шараға шведтің атақты белсендісі Грета Тунберг те қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2404
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 636
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 616