Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Билік 4574 6 пікір 1 Қыркүйек, 2020 сағат 12:48

«Парамен ұсталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметке келе алмайтын қағида керек»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Президент аталған Жолдауында жемқорлықпен ұсталған шенділер өмір бойы мемлекеттік қызметке қайта келмегені жөн екенін айтты.

«Мемлекеттік қызметші мен квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда, олар қызметінен босатылады. Құқық қорғау орган қызметкерлері, судьялар, парамен ұсталған мемлекеттік қызметкелер, парақорлыққа делдал болғандар - сыбайлас жемқорлық жасағандар үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізу қажет. Жемқорлық үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен босату шарасы қолданылмайды. Жемқорлықпен ұсталғандар мен мемлекеттік, квазимемлекеттік саладағы қызметке келуіне өмір бойы тыйым салатын қағида орнату керек», - деп мәлім етті Тоқаев.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 704
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2727
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1784