Сенбі, 23 Қараша 2024
2773 1 пікір 2 Қыркүйек, 2020 сағат 10:38

Кәсіпорындарды қолдауға 200 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда кәсіпорындарды қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономикалық өсуді қалпына келтіру мақсатында дағдарыс салдарынан айтарлықтай зардап шеккен секторлардағы кәсіпорындарды қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінеді. Салалар тізбесін Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп анықтайтын болады», - деді Е. Досаев Үкімет отырысында.

Осы орайда ол Ұлттық банктің жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы 800 млрд теңгеге дейін жеткізіліп, 2021 жылдың соңына дейін ұзартылатынын нақталады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Жолдауында қазіргі дағдарыс жағдайында бұл бағдарламаның әрекет ету мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды және оның қамту аясын кеңейтуді тапсырды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377