Жұма, 22 Қараша 2024
2621 0 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 15:22

Мектепке жол. 350 мыңға жуық оқушы көмек алады

Әне-міне дегенше, 1 қыркүйек - білім күні келе жатыр. ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сүйенсек, биыл 2020-2021 жаңа оқу жылында 3,3 миллионға жуық оқушы мектепке барады екен.

Соның ішінде 352 091 оқушы бірінші сыныпқа қабылданған екен. Бастауыш сыныптарда 1 миллионнан аса бала оқыса, олардың 60 пайыздан астамы кезекші сыныптарға барады деп жоспарланған. Және 2,6 миллионға жуық оқушы жаңа оқу жылын қашықтан оқу форматында бастайды екен. Биылдың өзінде жаңа оқу жылына деп 32 мектеп жаңадан ашылған. Қазақстандағы орта білім беретін мектептердің ұзын-саны 7 мыңға жуықтайды екен.

Осы орайда елдегі кеңқолтық, атымтай жомарт азаматтардың қолдауымен өткізіліп келе жатқан, бүгінде игі дәстүр, қалыпты қағидаға айналған Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бар еді. Аталған қайырымдылық акциясы биыл да өткізілетінін өткенде Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршубеков мәлімдеген.

«Бүгін жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан «Мек­тепке жол» қайырымдылық ак­циясы басталды. Бұл акцияның түп мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсетіп, балаларды мектепке қажетті керек-жарақпен қамтамасыз ету еді.

Аталмыш акция осымен 11-ші рет ұйымдастырылып отыр. Осы жылдар ішінде 2,5 миллионнан астам оқушыға ұзын-ырғасы 17,8 миллиард теңгенің материалдық көмегі көрсетіліпті. Бұл игі шара жыл сайын жалғасып келеді. Жыл сайын демеушілік жасаушылардың да саны артып келеді», - деген еді.

Акция тамыз-қыркүйек аралығында жалғасады. Республика бойынша жергілікті атқарушы билік органдары осы санатқа кіретін балалардың тізіміні жасапты. Бұл туралы да министрлік өкілі мәлімдеген еді.

«Қазіргі уақта жергілікті билік өкілдері жоғарыдағы санатқа кіретін, көмекке мұқтаж оқушылардың тізімін әзірледі. Шамамен 323 мың бала. Бұл акция ата-аналардың өтініштері арқылы ғана қатысуға болады. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Сондықтан, бұл тізім алдағы уақта әлі де толықтырылуы мүмкін. Жергілікті жауапты органдар әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке даярлап, олардың мектепке қауіпсіз барып-келуі мен тамақтану жайын жіті бақылауда ұстауы керек», - деді комитет төрағасы.

Аталған қайырымдылық акциясына қатысудан елдегі миллиондаған еңбеккерлер қауымының басын біріктіріп отырған Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы да қалыс қалған жоқ.

Иә, биыл көктемде басталған коронавирус пен коронавирус пневмониясына байланысты елде жаряланған карантиндік шараларға байланысты биылғы оқу жылы бұрынғыдан өзгеше басталып отыр. Оқушылардың басым-бөлігі қашықтан оқиды. Десе де, шектеу шараларын ескере отырып, Алматы облысы педагогтерінің кәсіподағы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасыларды жаңа оқу жылына дайындау жұмыстарын қызу бастап кетіпті.

27 мыңға жуық мүшесі бар Алматы облыстық Кәсіподақтар ұйымы көмекке мұқтаж 20 оқушының тізімін әзірлеп, олардың жаңа оқу жылына қажетті керек-жарақтарын алып берген.

«Біз бұл акциясы облыстық Кәсіподақ мүшелеріне қолдау білдіру мақсатында өткізіп отырмыз. Өңірдегі аудандық, қалалық филиалдар м ен облыстық ұйым бюджеті есебінен ұзын-саны 1,5 миллион теңге көлемінде қаржы бөлдік», - деді Кәсіподақ ұйымының бас маманы Ләйлә Сағынғалиқызы.

Бұл қаражатқа оқушылардың таңдауына қарай, смартфондар мен интернет роутерлер, кеңсе тауарлары т.б. оқуға керекті заттар алынған.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласындағы Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің «SENIM» атты салалық кәсіподағы да «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырған еді. Аталмыш салалық кәсіподақтың Алматы қалалық филиалы коронавирус пен коронавирус пневмониясы кезінде індетпен күрестің алдыңғы шебінде күні-түні тынбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерінің мектепке енді балғарғалы жатқан балаларына қажетті кеңсе тауарлары табыс етілген. Ұзын-ырғасы 150 медқызметкердің балаларына жәрдем берілген.

Білім күні қарсаңындағы қайырымдылық істен Шымкенттік еңбеккерлер қауымы да шет қалмаған.

Шымкенттегі білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы 2020-2021 жаңа оқу жылында қашықтан жұмыс істейтін 40 мұғалімге арнайы ноутбуктер сатып алу үшін 2,5 миллион теңге көлемінде қаржілай көмек берген.

Сондай-ақ, демеушілермен бірлесе отырып, аз қамтылған мектеп оқушыларының отбасылары мен ардагерлердің отбасыларына да қайырымдылық көмек көрсеткен. Азық-түлік себеттері мен кеңсе тауарлары, медициналық жабдықтар үлестірген.

Айта кетейік, Шымкенттегі білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілген уақытта ұзын-ырғасы 5,5 миллион теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетіпті. Соның ішінде, 250-ден астам кәсіподақ мүшелеріне жәрдем берілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5293