Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3702 0 пікір 31 Тамыз, 2020 сағат 17:15

«Жусан» операциясымен елге оралған отбасыларға қайырымдылық көрсетілді

Бүгінде әлемде еріктілерге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Қазақстан да еріктілер жұмысының мән-маңызын ұғына отырып, 2020 жылды Мемлекет басшысының шешімімен Еріктілер жылы деп жариялады. Ал, бүгінде сол ерікті азаматтар қоғам дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.

Мәселен, күні кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясымен Ұлттық еріктілер желісі бірлесе отырып, жаңа оқу жылының қарсаңында “Мектепке жол” және “Біз біргеміз” қайырымдылық акцияларын өткізді.

Аталған акцияның мақсаты – көп балалы отбасылар мен аз қамтылған жанұяларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға сонымен қатар жаңа оқу жылына дайындық бойынша көмекке мұқтаж балаларға әлеуметтік қолдау көрсету.

Бұл игілікті іске Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері мен кәсіпкерлер, атымтай жомарт азаматтар мен Қазақстан халқы ассамблеясының белсенділері қатысқан. Олар 30-ға жуық отбасына азық-түлік жиынтықтары мен мектеп құралдарын алып берген.

Айта кетейік, елімізде мұндай қайырымдылық шаралары жыл сайынғы жаңа оқуы жылында ұйымдастырылд. Сондай қайырымдылық шаралардың бірі жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған “Мектепке жол” акциясы. Ол Елордадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде өткен.
Нұр-Сұлтан қалалық мешіттерінің бірлесе ұйымдастыруымен сонымен қатар демеуші жандардың қолдауы арқасында аталған мешітте Мектепке жол акциясы аясында 238 мұқтаж жанұяға көмек көрсетілген. Аталған көмек аясында оқушылардың онлайн білім алуына қажетті смартфондар мен планшеттер, оқу құралдары мен мектеп сөмкелері табылсталған.
Бұл қайырымдылық шарасына Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежан, Елордадағы қалалық әкімдіктің Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов сонымен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің жастар ісі басқармасының басшысы Дәулет Кәрібектер қатысты.

Аталған шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақтала отырып, саны шектеулі отбасылар қатысқан. Ал, акцияның қалған қатысушылары Нұр-Сұлтна қаласындағы мешіттердің жамағатынан құралған еріктілер тобы. Олар аталған заттарды мұқтаж жанұялардың отбасына жеткізіп берді.

Айта кетейік, мұндай қайырымдылық акциясы Қарағанды облысының Жезқазған қалалық мешітінде де ұйымдастырылған. Игілікті шара барысында еріктілер көмегімен көмекке мұқтаж 30 отбасына әлеуметтік жәрдем беріліп, сол отбасылардың оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдары сыйға берілген.

Бұл қайырымдылық шарасынан “Жусан” операциясымен елге оралған отбасылар да тыс қалмаған. Аталған отбасыларда мектеп жасындағы 3 балаға мектепке қажетті оқу құралдары таратылып, оқу құралдары берілген. Ал, акцияға келе алмаған отбасыларға еріктілердің көмегімен мектеп заттары үйлеріне жеткізіліп берілген.

Ал, Ақтау қаласында өткен қайырымдылық шарасында тұрмысы төмен 1-7 сыныптарда оқитын 140 балаға мектепке қажетті оқу-құралдары табыс етіліпті. Мешіт тізімінде тұратын отбасылардың балаларына жасалған бұл шараны Ақтау қалалық Бекет ата мешіті ұйымдастырған.

Шара барысында 140 балаға түрлі түсті бояулар, діптер-қалам, сөмке алынып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай таратылып берілген. Бұл акцияға көбіне көпбалалы отбасылардың балалары мен аз қамтылған отбасыларға жанашырлық жасалған. Аталған акцияның мақсаты – әлеумеиттік аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқор болып, білімге құштар өрендерге қуаныш сыйлау.

Ал, Ақтау қалалық мешітінде бес жүзден астам тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тіркеуде тұр.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық шараларының барлығы да еріктілердің қатысуымен жүзеге асырылуда. Бүгінде еліміз бойынша, 16 мыңнан астам ерікті азаматтар бар. Алайда қоғам игілігі үшін еңбек атқарып жатқан мұндай азаматитардың саны алдағы уақытта әлі де арта түсуі тиіс. Ал, оған мемлекет басшысы қолдау көрсететінін және Үкімет бұл бағытта нақты шаралар қабылдайтынын да айтқан болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036