Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Билік 4041 0 пікір 4 Қыркүйек, 2020 сағат 10:54

Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік қызметінің қорытындылары, атап айтқанда, мәдениет, спорт, туризм, тіл саясаты, ономастика мәселелері, архивтер бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының нәтижелері туралы есеп берілді.

Мәдениет және спорт министрі бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын атап өтіп, мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысын көбейту мақсатында қолға алынған бастамалар туралы айтты. Қазірдің өзінде мәдениет қызметкерлерінің жалақысы жергілікті жерлерде 35%, ал республикалық деңгейде 50% артқан. Бұдан бөлек, министрліктің пандемия кезінде өткізген онлайн шаралары жөнінде де мәлімет берді.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова Президентке қазақстандық спортшылардың алдағы Олимпиада ойындарына дайындығы, жаңадан ашылғалы жатқан Туризм және меймандостық университетінің жұмысы жайында айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда айтылған басым бағыттарды тиісті деңгейде жүзеге асыруға, ел арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, оны одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ латын әліпбиін енгізу мәселесінде асығыстық жасамай, жұмысты ғалымдармен жан-жақты сараптай отырып жүргізу керек екенін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 912
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2366
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 620
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 599