Сенбі, 23 Қараша 2024
2789 2 пікір 4 Қыркүйек, 2020 сағат 15:25

Президент Жолдауы ел дамуына жаңа серпін береді - Аида Балаева

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Egemen Qazaqstan" газеті редакциясында өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстелде Президент Жолдауы ел дамуына жаңа серпін беретінін айтты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева 11 бағыттан тұратын Жолдаудағы ең басты бағыт елдің әл-ауқатын жақсарту екенін,  сондай-ақ кезекті Жолдау ел дамуына жаңа серпін беретінін айтып өтті.

"Жолдау аясында ұйымдастырылатын шаралардың барлығы да қарапайым халықтың ертеңі үшін. Індет басталғалы еліміздің салт-дәстүрінде түрлі өзгерістер болып жатты. Оның жақсы тұстары да, жаман тұстары да бар. Ең жақсы тұсы - біз осынау қиын-қыстау заманда бір ұлт болып қалыптасқанымызды көрсеттік. Қайрымдылық, бір-бірімізге деген бауырмалдылық, жомарттық деген үлкен қасиеттерімізді таныта білдік. Десе де індет кезінде ақпарат құралдарында қаншама түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатса да кей кезде тәртіпке бағынбайтын кездеріміз болды. Бұл ретте Президент өз Жолдауында Абай атамыздың кезінде айтып кеткен даналығын бүгінгі заманмен байланыстырып өткенін айта кету керек. Адам бойындағы теріс әдеттер, оның ішінде ысырапшылдық, дарақылық, жауапсыздық, салмағы жоқ салт пен дәстүр. Бұл теріс қылықтардың барлығынан біз толықтай арыла қойған жоқпыз", - дей келе Аида Балаева ендігі мақсат халықтың сана сезімін жаңғыртып, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру екенін атап өтті.

Бұдан соң, министр Президент Жолдауында айтылған асыл қасиеттерді әрбір қазақстандық өз бойына сіңірген жағдайда мемлекетіміз жаңа деңгейге шығатынын сөз етті.

"Жолдауды іске асыруда көптеген міндет күтіп тұр. Осы мақсатта бүгін зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жұмысты қалай ұйымдастырамыз, қандай іс-шаралар қолданамыз және ақпарат жұмыстарының мазмұнын қалай өзгертеміз деген сұрақтарға жауап іздеп, талқыға салуды жөн көрдік", деді А.Балаева.

Дереккөз: Еgemen.kz

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377