Сенбі, 23 Қараша 2024
2610 0 пікір 8 Қыркүйек, 2020 сағат 10:46

Грузия оппозициясы Саакашвилиді премьерлікке ұсынды

Грузияның "Біртұтас ұлттық қозғалыс" оппозициялық партиясы Михаил Саакашвилидің кандидатурасын ел билігі оны сырттай соттағанына қарамастан премьер-министрлікке ұсынды.

"Біртұтас ұлттық қозғалыс" лидері Григол Вашадзе Саакашвили 7 қыркүйекте Тбилисиге келетінін мәлімдеді.

"Саакашвили халықтың алдында тұрып, барлық сұраққа өзі жауап беруі тиіс", – деді ол.

Ал қазіргі Грузия премьер-министрі Георгий Гахария "келсе, келсін" деп, "елдің тұрақтылығына ешкім әсер ете алмайды" деп жауап берді.

Биыл тамыз айында Грузия әділет министрі Тея Цулукиани Саакашвили елге келген бетте, қамауға алынады деген. Елдің бұрынғы президенті мұның саяси мәні бар деп біледі.

Грузияда парламент сайлауы биыл 31 қазанда өтеді. Қазір сайлауалды кампаниясы басталып кетті. Парламентке аралас жүйе бойынша 150 депутат сайланады: жартысы партия тізімі (120 адам) бойынша, жартысы мажоритарлық бір мандатты округ (30 адам) бойынша.

Жақында Грузияда болған жаппай наразылық шарасынан кейін саяси партиялардың парламентке өту межесі 5 проценттен 1 процентке түскен. Ал парламенте басымдыққа ие болу үшін, депутаттардың 40 процент дауысын алу қажет.

Михаил Саакашвили 2018 жылы үш жылға сырттай түрме жазасына кесілген. Кейін елдің бас прокуратурасы Саакашвилиді Патаркацишвилидің өліміне кінәлі деп айыптады.

2015 жылы Грузияның бұрынғы президенті Украина азаматтығын алған. Ол Одесса облыстық әкімшілігін басқарған. Бірақ екі жыл өткеннен кейін Порошенко мен Саакашвили арасы нашарлап, оның азаматтығын кері қайтарған. Бірақ билікке Владимир Зеленский келгеннен кейін оған украин азаматтығын қайтарып берді. ​

7 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский Саакашвилиді Реформаларды орындаушы комитеттің басшысы етіп тағайындаған. Бірақ бұл қызметте Саакашвили жарты жыл ғана жұмыс істеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417