Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 7091 15 пікір 10 Қыркүйек, 2020 сағат 11:26

Тоқаевқа тікелей бағынатын үш меморган құрылды

Олар:

- Төтенше жағдайлар министрлігі,

- Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік,

- Бәсекені дамыту және қорғау агенттігі. 

Аталған мемлекеттік органдарды құру туралы Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше қол қойған.

Ол бойынша, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамына өзге министрліктердің құрамындағы құрылымдар берілетін болады.

Атап айтқанда, ҚР ІІМ-нің (төтенше жағдайлардың алдын алу және жою), ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (өндіріс қауіпсіздігі саласы саясатын жасау) және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (мемлекеттік материалдық резервті жасау) бірқатар құрылымы өтеді.

Президент бұдан бөлек стратегиялық жоспарлау және реформалау бойынша агенттік құру жөнінде жарлық шығарды.

Ал бәсекені қорғау және дамыту агенттігіне ұлттық экономика министрлігіндегі бәсекелестік қорғау және монополияны шектеу саласындағы барлық басқару тетіктері беріледі.

Аталған екі агенттік және төтенше жағдайлар министрлігін құратыны жөнінде ел президенті 1 қыркүйектегі жолдауында айтқан. Тоқаев сол кезде: «Аталған агенттіктер тікелей президентке бағынады», деген. Сондай-ақ, Жолдауда мемлекеттік қызметкерлер екі жыл ішінде 25 процентке қысқаратыны айтылған.

Тоқаев ел мемлекеттік басқаруда «жаңа моделге» мұқтаж екенін мәлімдеп, мемлекеттік аппарат жүйесін қайта ретке келтіру қажеттігін атап өткен.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449