Қартайып барамыз ба?
Біздің елде жасы 65-тен асқандар халықтың санынан 7 пайызға өсті. БҰҰ стандарты бойынша мұндай көрсеткіш "қартайушы ұлт" ретінде белгіленген... - деді қаржы министрі А.Смаилов
Кім келіседі бұған?
Егер, біздегі өмір сүру ұзақтығы Жапон еліндегідей болса, мұнымен, яғни, "қартайушы ұлт" дегенмен келісуге болар еді...
Ал, өмірдің ұзақтығы 70 жастың ар жақ-бер жағында тұрған халық мұнымен еш келісе алмайды! Себебі, аталған "7 пайыз" "өмірдің тым ұзарып кетуінен" емес, халықтың демографиялық өсуінің дағдарысынан туындаған!
Олай болса, зейнеткерлердің "зейнетақы жасы" деген мәселелерінің себеп-салдарын "қартайған ұлттан" емес, басқа жақтан - "демографиялық тоқырау" деген жақтан іздеу керек қой!
Сондықтан, сұрақты "Біз қандай себептермен 65 жастағы ҚАРТТАРДЫҢ санын 7 пайыздан асырып алдық?" деп қою керек емес пе?..
Оған 65 жастағылардың қандай жазығы бар?
Әбдірашит Бәкірұлының жазбасы
Abai.kz