Зейнетақы қорынан ақша алу туралы...
35 жасқа толған азамат Зейнетақа жинақ қорынан өз мұқтаждығына қаржы алуы үшін, кемінде 3 миллиондай (2 961 000т) жинағы болуы керек екен.
Енді есептеп көрейік:
Адам 22 жасынан жұмыс істеуді бастаса, 35 жасына дейін 13 жыл қаржы жинақтауға мүмкіндігі бар екен.
13 жылды 12 айға көбейтсек 156 ай құятынымыз шығады.
13×12= 156
Демек, 156 ай бойы жалақымыздың 10%-ын құйып отырамыз.
Енді, зейнетақы қорында ең кемінде сақталуы тиіс қаржы 3 миллион болса, осы қаржыны жинау үшін ай сайын қанша қаржы құйылуы керектігін есептеп көрейік.
3 000 000 (жинал.қаржы) : 156 (ай) = 19 230т
Яғни, сіз ай сайын 19 000 теңге құйып отырғанда ғана осынша қаржы жинай аласыз. Ол дегеніміз, сіздің айлығыңыз 22 жасыңыздан бастап 190-200 мың теңге болуы керек.
Ендігі мәселе!
Сіз мұндай айлық алып отырғанда тек ең төменгі шекті қаржыны ғана жинайсыз.
Яғни, осы 3 миллион сіздің болашағыңызға жинағаныңыз. Оны сіз ала алмайсыз.
Тек осы 3 миллионнан асқан жинақ қаржыңыз болса ғана алуға болады.
Демек, сіз 35 жасыңызға дейін 4-5 миллион теңге жинақтақтап үлгерген болуыңыз керек.
5 миллион : 156 ай = 32 000т
Сонда, сіз 5 миллион жинауыңыз үшін, сіздің 22 жасыңыздан бастап жалақыңыз орташа 320 000 теңге болса ғана,
10 миллиондық пәтер алуыңыз үшін бастапқы 20% жарнасына (2миллион) жететін қаржы жинайсыз.
Өзім 2005-ші жылдары әскери салада 30 000 айлық алып жүрдік. 2010-шы жылдары айлықтары көп болса 50-100 мыңға жеткен болар.
Сонда....
Мұндай қаржы жинау қаншалықты мүмкін?
Мен білетін айналамдағы адамдардың орташа жалақысы 50-150 мыңның төңірегінде. Нақты мәлімет бойынша 720 000 адамда мұндай мүмкіндік бар екен.
Бұлар кімдер?
Біздің бизнесмендердің түсінігінде қаржыларын жасыру үшін өздеріне көп айлық жазбайды. Белгілі бір бөлігі мұнайшылар мен атом өндірісіндегілер болар. Қалғаны жоғарғы айлық алатын шенеуніктер ғана деген күдігім бар.
320 000 айлық алып отырған адамға, қордағы қаржысына "қол салуға" соншалықты мұқтаждық жоқ деп ойлаймын. Ал, 50-100 000 айлықпен отырғандарға арналған ешқандай мүмкіндік көріп тұрған жоқпын.
Еліміздің негізін құраушы басым көпшілігі осы "ортадан төмен" жалақы алатындар екенін ескерсек, бұл өзгерісті "тұрғын үйге аса мұқтаж басым көпшілікке" берері қаншалықты екенін өздеріңіз топшылай берерсіздер.
Рүстем Ашетаевтың жазбасы
Abai.kz