Сенбі, 23 Қараша 2024
2970 0 пікір 11 Қыркүйек, 2020 сағат 12:51

Солтүстік Қазақстанда уран кені ұрланған

Солтүстік Қазақстанда күзеттің жоқтығынан уран кені тоналған деп мәлімдеді аймақтағы экология департаменті.

"Уран кенінде күзет болмағанын пайдаланып, кендегі қауіпті аймақтарды қоршап тұратын темір шарбақтарды жұлып әкеткен. Ғимараттағы құрылыс материалдары мен түрлі-түсті металлдар да ұрланған", – делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, Айыртау мен Мүсірпеов аудандарында алты уран кені бар. Ондағы жұмыстың бәрі тоқтатылған, бірақ билік қауіпсіздік шараларын қолданбай отыр.

2018 жылы облыс әкімдігі 2019-2020 жылдары қоршауды қалпына келтіру жұмысын жүргіземіз деп шешім қабылдаған. Бірақ мұның тек жартысы ғана орындалған. Аталған екі ауданның билігі кен айналасын қоршауға қаржы бөлу жөнінде өтініш түсірмеген.

Pszsk.info сайтының жазуынша, 2 қыркүйекте сотқа Айыртау ауданындағы кенді қараусыз деп тану жөнінде өтініш түскен. Осыдан кейін жергілікті билік кен айналасын қайта қоршауы мүмкін. Бүгінде бұл аймаққа кез келген адам бара береді.

Басылымның жазуынша, бұл аймақтағы радиация қалыпты көрсеткіштен аспайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475