Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 6472 0 пікір 14 Қыркүйек, 2020 сағат 12:16

Қайтадан карантин бола ма?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына қатысты пікір білдірді.

Цой Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай қазір тұрақты екенін, алайда, көптеген ТМД елдерінде және Еуропада вирустың өсуі байқалатынын атап өтті.

«Жағдайдың тұрақтылығына қарамастан біз төсек-орын қорын кеңейтіп, дәрі-дәрмектер сатып аламыз. Және жеке қорғаныс құралдарымен, маскалармен қамтамасыз етеміз. Қазір екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Әрине, біз үшін ондай толқынның болмауы өте маңызды.

Ең маңызды факт - бұл әлеуметтік дистанция және маскалар. Біз аурудың 30 пайызы маска киюге, 40 пайызы әлеуметтік арақашықтықты сақтауға байланысты екенін бірнеше рет айтқанбыз. Өкінішке қарай, біздің азаматтар көпшілік шоғырланған жерлерде әрқашан маска кие бермейтінін байқаймыз. Сондықтан біз сіздерді осы ережені сақтауға шақырамыз», - деді Цой.

Сонымен қатар ол әр адам бұл жағдайға ықпал ете алатынын айтты.

«Екінші толқынға дайындық пен профилактикалық және ағарту жұмыстарына дайындық денсаулық сақтау жүйесіне байланысты. Ал, қалғанының бәрі біздің жауапкершілігімізге қарай», - деді министр.

Айта кетейік бұған дейін 20 қыркүйектен бастап Қазақстанда қатаң карантин ережесі енгізілетіні туралы әңгіме әлеуметтік желіде тараған. Оған қатысты Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова түсініктеме беріпті.

«Карантиндік шаралар қазір де күшінде. Қазір карантин шараларын қатаңдату туралы алдын-ала болжам жоқ. Бәрі де болашақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Біз жағдайды тек ірі қалаларда ғана емес, әр облыста және ауылда күнделікті бақылап отырамыз», - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 855-ке жетті. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирустық инфекциялардың рекордтық өсуін тіркеген. ДДҰ-ның 13 қыркүйектегі мәлімет бойынша, соңғы тәулікте әлемде 307 930 инфекция жағдайы анықталды.

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498