Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
3421 1 пікір 15 Қыркүйек, 2020 сағат 14:20

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Беларусьтағы жағдай талқыланады

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) адам құқықтары бойынша кеңесі 18 қыркүйекте Беларусьтағы адам құқықтарының сақталуына байланысты мәселені талқылайды.

Кезектен тыс талқылауды Еуропа одағы ұсынған. Бұл ұсынысты кеңеске мүше 47 елдің 25-і қолдап, екеуі қарсы болған.

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Беларусьтағы репрессиялар, ашық күш қолдану, азаптау және акцияға қатысушылардың қудалануы туралы барлық мәліметтерді зерттеп, кінәлілерді жауапқа тарту керектігін білдірді. Ол сонымен бірге Беларусьта диалог пен реформалар қажет екенін айтты.

Беларустьа жаңа сайлау өтіп, қазіргі президент Александр Лукашенконың қызметінен кетуін талап еткен қарсылық акциялар бір айдан астам уақыттан бері жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдарының бейбіт жиынға қатысқандарға күш көрсетіп, азаптағаны сынға алынған.

Дүйсенбіде Сочиде Ресей және Беларусь президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко кездесті. Кездесу барысында Путин Минскіге 1,5 миллиард доллар несие бөлуге келіскен.

Жексенбі күні Минск қаласында "Батырлар маршы" деп аталған акция өтіп, оған 150 мыңға дейін адам қатысты. Ресми мәлімет бойынша, 500-ден астам адам ұсталған.

Беларусьта болып жатқан оқиғаларға тоқталған Путин Ресей Беларусьты одақтас ел деп есептейтінін айтып, ел азаматтары бұл жағдайды сырттың басым-қысымынсыз, тыныш, диалог арқылы өздері жөнге салып, шешуіне тілектес екенін жеткізді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2758
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 885
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 836