Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Бәсе... 6412 8 пікір 16 Қыркүйек, 2020 сағат 12:33

Қырғыз елшілігі: Аттакуровтың өзі Ресей азаматы

14 қыркүйек күні Ресейдегі қырғыз азаматы Райымкул Аттокуров «Pravda.ru» сайтына сұхбат беріп, «Қырғызстан Ресей құрамына кіруі мүмкін», деп мәлімдеген еді. Ол туралы Abai.kz ақпараттық порталында егжей-тегжейлі жаздық.

Ал, күні кеше экс-елшінің бұл мәлімдемесіне қатысты Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі жауап беріпті. 

Елшіліктің хабарлауынша, мұндай мәлімдемеге ешқандай негіз жоқ, ал Аттакуров болса Ресей азаматтығын алған, ол жеке пікірін айта алады.

«Қырғызстан - тәуелсіз, зайырлы мемлекет, халықаралық құқық субъектісі және халықаралық қатынастардың тең құқылы қатысушысы.

Бұған қоса, Конституцияда орыс тілі мемлекеттік емес, ресми тіл екені айтылған. Қырғызстан басшылығы тәуелсіздікті, мемлекет аумағының тұтастығын сақтауды және ұлт мүддесін қорғауды көздейді»,- делінген елшілік мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, Аттокуров орыс басылымына берген сұхбатында:  «Қазір көп қырғыздың басында Ресейдің құрамындағы республикалардың бірі болу туралы ой пайда болды», деген болатын. Ал, әлеуметтік желі қолданушыларды бұрынғы елшінің мұндай мәлімдемесін сынға алған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1024
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2566
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 714
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 678