Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3827 5 пікір 18 Қыркүйек, 2020 сағат 11:28

Беларусь Литва және Польшамен шекараны жауып жатыр

Беларусь Литва және Польшамен шекараны жабады. Ал Украинамен шекараны күшейтеді. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.

"Біз көшелерден әскерді шығарып, батыспен шекараны жабуымыз керек", – деп мәлімдеді Лукашенко әйелдер форумында сөйлеген сөзінде. Осылай деп Азаттықтың беларусь қызметі хабарлады.

Лукашенко сөйлеген сөзінде өзге елдердің сайлауды мойындауын қажет етпейтінін айтып, ОМОН өкілдеріне наразылық акциясы кезіндегі әрекеттері үшін мақтау айтты.

9 тамызда өткен президент сайлауының жеңімпазы Александр Лукашенко деп жарияланғаннан кейін елде үздіксіз наразылық шаралары өтіп келеді. Сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайтын наразылар Лукашенко отставкасын және демократия талаптарына сәйкес сайлау өткізуді талап етіп отыр.

Қарсылық акциялары кезінде оппозицияның бір бөлігі билік тарапынан жасалынған қудалаудан қауіптеніп, елден кетуге мәжбүр болды.

Еуропарламент Александр Лукашенконың сайлауда жеңіске жеткенін мойындамайтынын мәлімдеді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141