Сенбі, 23 Қараша 2024
4194 1 пікір 18 Қыркүйек, 2020 сағат 18:07

Өзбекстан 1 қазанда шекарасын ашады

Өзбекстанның коронавируспен күрес жөніндегі республикалық арнайы комиссиясы шекара бекеттері арқылы адамдар мен көліктерді өткізуге қойылған шектеуді жұмсартты.

1 қазанда елге әуе жолы, темір жол және автожолмен кіруге қойылған тыйым тоқтайды.

14 күн "жасыл елдерде" болған азаматтар Өзбекстан аумағына кедергісіз өте алады. Мұндай елдерге Қытай, Таиланд, Малайзия, Оңтүстік Корея, Грузия, Венгрия, Финляндия, Латвия, Австрия және Жапония кіреді.

"Жасыл елдерден" (Әзербайдан, Беларусь, БАӘ, және ЕО елдері (Ұлыбритания мен Испанияны қоспағанда), сонымен бірге "қызыл елдерден" (әлемнің басқа да мемлекеттері) келгендер Өзбекстан аумағына коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест нәтижесімен ғана өте алады. Коронавирус бары анықталған жолаушыны рейске тіркемейді.

Өзбекстанға келген жолаушыдан коронавирус симптомдары байқалса, ол әуежайда өз ақшасына тест тапсыруы тиіс.

Қазақстаннан, Түркіменстаннан, Тәжікстаннан және Ауғанстаннан автожолдармен шекара бекеттері арқылы Өзбекстан аумағына өткен азаматтар коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест нәтижесін көрсетеді, дегенмен олар үйде немесе қонақ үйде 14 күндік карантинде отырады.

Еске салайық, Өзбекстан шекарасын биыл наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты жапты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467