Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5749 11 пікір 22 Қыркүйек, 2020 сағат 14:30

ЖОО-лар сапалы білім бере алмаса, нарықтан кетуі тиіс

Елімізде ЖОО -ң саны 129-ға жетті. Он тоғыз миллион халқы бар ел үшін бұл тым көп. Олардың көпшілігінің саны болғанымен сапасы жоқ екенін жақсы білеміз.

Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда небәрі 40-тай ғана ЖОО болып, өте сапалы білім берді, білікті мамандар даярлады. Кезінде министрлер А. Сәрінжиповке, Е.Сағадиевке сапасыз білім беретін оқу орындарын қысқарту туралы бірнеше депутаттық сауал да жолдадық, ұсыныс та айттық, бірақ нәтиже болмады. Меніңше олар құлықсыз болды.

Президентіміздің былтырғы және биылғы жолдауларында диплом сататын оқу орындарын жабу туралы берген тапсырмаларынан кейін сең қозғала бастады.

Осы бағытта министр А. Аймағамбетовтің жасап жатқан жұмыстарын толық қолдаймын. Осы ЖОО-ң ішінде университеттік статусы бар оқу орындары басым.

Университет дәрежесіне сәйкес келмейтіндерді институттерге, кейбір институттерді академия дәрежесіне түсіріп те мамандықтардың санын барынша қысқартуға болады.

Жоғары білім беретін оқу орындары арасында бәсекелестік орта болуын жақтаймын, бірақ олардың ең негізгі қағидаты сапа болуы керек, егер оны қамтамасыз ете алмаса нарықтан кетуі тиіс.

Мұрат Бақтиярұлының жазбасы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 429
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1598
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 398
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 376