Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 2993 0 пікір 25 Қыркүйек, 2020 сағат 12:35

Шымкент халқына тұрғын үйден атшабар артық па?

 

 

Шымкентте қаладағы Атшабардың орнына BI Group құрылыс компаниясы қала әкімшілігімен келісімде көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлап отыр. Бірақ бұл мәселе дауға айналып шыға келген. Атшабарға “араша” түсуші топтың уәжі ипподромның орнына көпқабатты үй салынса, қаланың экожүйесін бұзады-мыс, қаланың бас жоспарында ол жер демалыс және саяжай аумағы болып бекітілген, жасыл аумаққа тұрғын үйдің салудың жөні жоқ-мыс. Қарсылар қала әкімшілігіне Атшабардың орынан жаңа тұрғын үй кешенін салғанша,  бұрынғы жоспарланған құрылыс жобаларын жалғастырмай ма деп те уәж айтады.

Ал қала әкімшілігі не дейді? Әкімшілік Атшабардың орнына BI Group салатын тұрғын үй кешенімен бірге ол жерде мектеп, балабақша тағы басқа әлеуметтік нысандар қоса салынып, құрылыс салуға және одан кейін де мыңдаған адамға жұмыс табылатынын, тұрғын үй тапшылығын жоюға септігі тиетінін алға тартады. Ең қызығы, құрылыс компаниясы аумағы қазіргі ипподромнан үлкен Атшабар салып беруге де келіскен. Оның үстіне қазіргі Атшабардың қолдану мерзімі ескіріп, ойпаң жерде орналасқандықтан бәйге, көкпар кезінде ауа жетпей аттардың өлуі де бірнеше рет болған. Тіпті Атшабарды басқа жерге көшіру мәселесі бұрыннан бері көтеріліп келе жатқан мәселе екен. Сонда Атшабар орналасқан аумақты қорғауға білек сыбана кіріскен топтың көксегені не? Компания жаңа Атшабар салуға келісіп отырса онда қасарысып қарсыласудың мәні не? Біздің ше, мәселе басқа да секілді. Дау болып отырған демалыс және саябақ аумағы саналатын ауданның біраз бөлігі қалталы адамдардың меншігіне өтіп кеткен. Және қарсы тараптың даулы жерге тұрғын үй салмай, туристік аймаққа айналдыру керек деген уәжінің де ар жағынан әлдебір мүдделі топтың әрекеті қылаң береді. Яғни, ұзақ жылдан бері басқа жаққа көшірілуі сөз болып келе жатқан Атшабар және оның аумағына бұрыннан көз тігіп келе жатқан мүдделі топтың “арманын” қала әкімшілігі мен BI Group компаниясы келісіп салмақшы болып отырған тұрғын кешенінің жоспары күл-талқан еткен. Көз тігіп отырған жер қолдан сусып шығып бара жатқанын білген мүдделі топ жердің дауын блогерлерді және басқа адамдарды, ұйымдарды қосып, жоқ жерден да шығарып, қоғамдық пікірді өзгертуге барын салып жатқандай көрінеді. Бұл әрине, болжам. Қалай болғанда да тұрғындарының саны күн санап өсіп жатқан қала үшін халыққа тұрғын үй, мектеп, балабақша аса қажет екені айтпаса да түсінікті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377