Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2527 1 пікір 28 Қыркүйек, 2020 сағат 11:20

New York Times газеті Трамптың төрт жыл салық төлемегенін мәлімдеді

Президент Дональд Трамп 2001-2005 жылдар арасында табыс салығын төлемеген. Бұл туралы «Нью-Йорк Таймс» газеті хабарлады.

Басылымның жазуынша, олар тек Трамп президенттігінің алғашқы жылдарына қатысты мәлімет ала алған. Ал 2018-2019 жылдарға қатысты дерек табылмаса, 2016-2017 жылдары Ақ үй басшысы жылдық кірісі үшін 750 доллар ғана салық төлеген. Бұл Трамптың 300 миллион көлемінде қарызы барын көрсетеді дейді басылым. Алайда Дональд Трамп бұл ақпаратты жоққа шығарып, жақын арада өз сөзін айғақтайтын  дәлел жариялайтынын мәлімдеді.

Ал, Трамп ешқашан салық төлеуден жалтармағанын айтады.

- Мен салық төлеуден ешқашан жалтарған емеспін. Жуық арада мұны дәлелдеймін. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ. 4 жыл бұрын  осындай мәселе көтеріліп, ол жалған болып шыққан еді,- деп пікір білдірген.

Abai.kz

1 пікір